23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен өзара қарым-қатынасқа байланысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не Ақтау қаласының тұрғындарынан энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың ауысуына байланысты олармен өзара қарым-қатынасқа қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Біз өз құзыретіміз шегінде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындадық.

 - «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «AllianceEnergoSnab» ЖШС-мен шартты бұзу туралы неліктен екінші рет хабарлайды?

- Бастапқыда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі-МАЭК) «AllianceEnergoSnab» ЖШС (бұдан әрі-Альянс) және оның «AllianceEnergoSnab – Ақтау» филиалы (бұдан әрі-Альянс) арасында тұтынушылардың әртүрлі топтарын энергиямен жабдықтау үшін төрт шарт жасалды. 2021 жылдың тамызында МАЭК Альянсты 1 қыркүйектен бастап тек 2 шарттың бұзылғаны туралы хабардар етті, ал қыркүйек айының соңында Альянсқа  4-ші және 6-шы қазаннан бастап қалған 2 шарттың бұзылғаны туралы хабарлады. Осылайша, 6 қазаннан кейін МАЭК пен Альянс арасындағы шарттық қатынастар толығымен тоқтатылады.

- Ақтау қаласының тұрғындарына қыркүйек айында тұтынылған электр энергиясы үшін қандай ұйымнан шоттар келеді? Оларды қалай төлеу керек?

- Ақтау қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау туралы Альянспен жасалған шарт қазанның 3-жұлдызын қоса қолданыста болды. Осы күнге дейін тұтынылған электр энергиясы үшін төлемді Альянсқа төлеу қажет. Альянсқа төленетін төлемнің нысаны мен механизмі өзгерген жоқ. Қыркүйек айында тұтынылған электр энергиясын төлеу шоты Альянстан келеді.

- Егер қазан айында энергиямен жабдықтаушы ұйым (ЭЖҰ) ауысса, тұтынушылар үшін не өзгереді? Бұл жағдайда электр энергияның төлемдерін қалай төлеуге болады?

- ЭЖҰ-ның ауысуы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне әсер етпейді. Ақтау қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау функциясын орындауды бастайтындығын қазан айында БАҚ арқылы қайтадан жұмысқа кіріскен ЭЖҰ туралы ресми түрде хабардар етеді. ЭЖҰ ауысқан күннен бастап тұтынылған электр энергия үшін төлеуге арналған шоттарды жаңа компанияға  төлеу қажет болады. Қазан айындағы шоттар жаңа ЭЖҰ-дан түседі. Өтпелі кезеңнің барлық мәселелерін жаңа ЭЖҰ және Альянс тұтынушылар үшін қандай да бір зиян келтірмей реттеулері тиіс.

- Электр энергиясы бойынша есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайда және қашан беру керек? Ол үшін МАЭК-тің ЕКО сайтын пайдалануды жалғастыруға бола ма? Тұтынылған электр энергия үшін төлем жасау дербес шоты өзгере ме?

- Электр энергия үшін ақы төлеу дербес шотының өзгеруі немесе өзгермеуі жаңа ЭЖҰ-ның  тұтынушыларды есепке алу жөнінде қандай базаны пайдаланатынына байланысты. Қазір Альянс шарт бойынша МАЭК базасын пайдаланады, сондықтан су, жылу және электр энергиясы бойынша дербес шот біреу. Егер жаңа ЭЖҰ МАЭК базасын пайдаланатын болса, онда дербес шоттар өзгеріссіз қалады, ал егер жаңа ЭЖҰ-ның базасы өзінікі болса, онда дербес шоттар да өзгереді. Әзірге барлық есептеу құралдарының көрсеткіштерін бұрынғы белгіленген мерзімде МАЭК ЕКО сайты (http://rkc.maek.kz) арқылы беруге болады. Жаңа ЭЖҰ өз базасына көшкен жағдайда МАЭК ЕКО сайты арқылы алынған электр энергияны есепке алу аспаптарының барлық қажетті көрсеткіштері жаңа ЭЖҰ-ға берілетін болады.    

- Жаңа ЭЖҰ-мен шарт жасасу қажет пе? Егер қажет болса, онда қандай процедура бойынша?

- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бөлшек сауда нарығында электр энергиясын электрмен жабдықтаудың жария шарттарына сәйкес сатады. Осы негізде жаңа ЭЖҰ БАҚ арқылы электрмен жабдықтаудың жария шарты тұтынушыларға жеткізіледі. Халыққа ешқандай шарт жасасудың қажеті жок. Ал заңды тұлғалар жаңа ЭЖҰ-мен шарт жасасуы қажет. Әдетте, ЭЖҰ бастамашы болып, тұтынушыға өз шарттарын, бағасын және т. б. ұсынады.

- Энергиямен жабдықтаушы ұйым ауысқан кезде сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау бөлігінде тұтынушылардың «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС-мен өзара қарым-қатынасы өзгере ме?

- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясымен жабдықтау функциясын орындайды. МАЭК сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау функцияларын жүзеге асырады. Сондықтан, ЭЖҰ-ның  ауысуы тұтынушылардың МАЭК-пен өзара қарым-қатынасына еш әсер етпейді.

«МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС