Кәсіпорын туралы
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) 1968 жылы 1 шілдеде өз алдына жеке кәсіпорын болып құрылды. Кәсіпорын өңірдегі өндіріс аймақтарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтиды.
Кәсіпорында 3 645 жұмысшылар мен мамандар еңбек етеді.
Комбинат құрамында үш электр станциясы (ЖЭО-1,ЖЭО-2, ЖЭС), Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауыты, Жөндеу зауыты, Желілер мен қосалқы станциялар цехы, БН-350 реактор қондырғысы (1999 жылдан бастап қолданыстан шығару жұмыстары жүргізілуде) бар. Бұлардан басқа «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құрылымына кәсіпорынның негізгі технологиялық жұмыстарын қамтамасыз ететін 11 өндірістік учаске мен қосалқы цех кіреді.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2019 жылдың 14 қарашасынан бастап мемлекет меншігінде.
МАЭК өндірістік қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін барлық тиісті лицензиялармен қамтамасыз етілген. Комбинатта объектілердің энергетикалық және өзге де жабдықтарын сенімді және апатсыз пайдалануға және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері мол, біліктіліктері мен білім деңгейі жоғары тәжірибелі мамандар еңбек етуде.
КӘСІПОРЫН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Конституция күніне орай арнайы бейнерөлік
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған бейнеролик
ӨНІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР
Жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін электр энергиясын, жылу энергиясын, дистиллятты, ауыз суды, ыстық және техникалық суды үздіксіз өндіру.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Ақтау қаласы және қалаға жақын орналасқан елді мекендер үшін ауыз су өндіру

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Ақтау қаласы үшін жылу өндірісі

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Маңғыстау облысы үшін электр энергиясын өндіру, резервтеу және Атырау облысына беру
Компанияның аталған салада көп жылдық тәжірибесі бар
625 МВт компанияның орнатылған қуаттылығы
Бүгінгі таңда компания штатында жоғары білікті мамандар еңбек етуде

