«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің жеке тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртібі туралы хабарламасы

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жеке тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тәртібі туралы хабарлайды:

06.10.2021 ж. бастап «МЭБК» АҚ желілеріне қосылған Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін «AllianceEnergoSnab» ЖШС-мен және оның «AllianceEnergoSnab-Ақтау» филиалымен электр энергиясын сатып алуға арналған шарт бұзылады.

04.10.2021ж. бастап «АЭЖБ» МКК желілеріне қосылған Ақтау қаласының тұтынушылары үшін «AllianceEnergoSnab» ЖШС-мен және оның «AllianceEnergoSnab-Ақтау» филиалымен электр энергиясын сатып алуға арналған шарт бұзылды.

Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданындағы тұрмыстық тұтынушыларды электрмен жабдықтау нарығына жоғарыда көрсетілген күндерден бастап Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларының ең көп санын жабдықтайтын басқа лицензияланған энергиямен жабдықтаушы ұйым шығады. Заңды тұлғаларға, кәсіпкерлерге энергия көздерімен және энергия таратушы ұйымдармен қолданыстағы шарттары бар энергия жабдықтаушы ұйыммен шарт жасасу ұсынылады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС