19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Теңге күні – Қаржыгерлер мерекесі

 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.  Содан бері теңгенің туған күні қаржы саласы қызметкерлерінің де кәсіби мерекесі ретінде аталып өтуде. Жақында мерекеде  мерейлері өссін, еңбектерін көрсетейік, жақсы тілегімізді арнайық деген ниетпен кәсіпорынның қаржыгер мамандарымен кездесіп, естелік суретке түсірдік.  Дағдарыстар жайлаған мынау алмағайып кезеңде  кәсіпорын қаржысын ысырапсыз қолданып, қиындықтардан тиімді алып шығудың барлық мүмкіндіктерін шебер ұйымдастырып отырған  Қазынашылық департаментінің директоры Алмагүл Бакибаевамен сұхбат құрдық.

 Алмагүл Саматқызы! Ұлттық валютамыз - Теңге күні,

Қаржыгерлердің кәсіби мерекесі  құтты болсын! Еңбегіңізге жеміс тілейміз!

4E0AB063 B655 4AAA B664 40EEFDA3777AАлдыменен, кәсіпорынның Қаржы департаментінің қысқаша тарихына тоқталсақ.

Қазынашылық департаментінің қызметі кәсіпорынның Экономика департаментінің құрамында 2002 жылы құрылған Қаржы бөлімінен бастау алады.  Департамент жұмысын жолға қою, комбинаттағы қаржы мәселесін реттеу жұмыстарының басы-қасында өте білікті мамандар сол кездегі Бас директордың экономика жөніндегі орынбасары Ермек Оразұлы Исмаилов, Қаржы бөлімінің басшысы, кейін Экономика департаментінің директоры қызметін атқарған Қайырғали Бекқали Тәжіғалиұлы болды.   Қаржы қызметінің 18 жылдық тарихында бөлімшенің құрылымы, кадрлық құрамы өзгерді. Департаментте қаржы саласында біраз тәжірибелері бар білімді, білікті қызметкерлер еңбек етеді. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық инфрақұрылымын құруға бағытталған әрбір қадамның артында осында көп жылдан тұрақты қызмет етіп келе жатқан кәсіби мамандар тұр. Олардың қатарында еңбек ардагері, төлемдерді есепке алу бөлімінің басшысы Галина Владимировна Барвинко, 12 жыл бұрын кәсіпорынға университет түлегі болып келген қаржы бөлімінің бастығы Гаухар Гимранова,  Орталық мемлекеттік органдағы  жұмыс тәжірибесімен келіп, қызметін  бастаған Гүлдана Машани, кәсіпорынға еңбегі  сіңген қызметкер Айсұлу Жұмағалиева,  жоғары оқу орнын үздік тәмамдап келіп, 6 жыл ішінде 1-санатты экономист дәрежесіне қол жеткізген Әлия Бектубаева, сондай-ақ, 2014  жылдан бастап қатарымызға қосылған тәжірибелі мамандар Маргарита Кременчук пен Диана Ли бар.

- Жалпы қаржы департаментінің атқаратын қызметі, негізгі міндеттері қандай?

 Қазынашылық департаментінің басты міндеті - банктермен және басқа да қаржы институттарымен өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыруға негізделген қаржылық тәуекелдер мен операциялық шығындарды азайту мақсатында компанияның қаржы ағындарын жедел басқару. Кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға ұшырамауы үшін өз қызметімізде талапты күшейтіп, бүкіл қаржылық қозғалысты үнемі бақылауда ұстауымыз қажет.

- Дүние жүзін жайлаған жұқпалы індеттің салдары  көптеген елдердің экономикалық, әлеуметтік дамуын тоқырауға ұшыратуда. Бұл қиындықтар біздің елімізді де айналып өтпегені белгілі. Ал біздің кәсіпорындағы  жағдай қалай?

 МАЭК қоғамның әлеуметтік әлеуетінде маңызды орын алатын, барлық тіршілік ресурстарын өндіретін ірі кәсіпорын. Бас директор Кеңес Нұрмағамбетұлы Орақов пен оның орынбасарларының сауатты басшылығы және жан-жақты қолдауы арқасында тұтынушылардың үнемі өсіп жатқан қарыздарына қарамастан, өңірді электр энергиясы, жылу, сумен  үздіксіз жабдықтаудамыз. Бұл, әрине, бүкіл ұжымның еңбегі және кәсіпорын бөлімшелері мен қызметтерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Ел Президенті мен Үкіметтің бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі тапсырмалары толық көлемде орындалуда. Әрине, пандемияның салдарынан туындаған жалпы қаржылық аренадағы ауытқулар, саланың жүйелі проблемалары өзінің жағымсыз әсерін тигізуде, бірақ біз комбинаттың төлем қабілеттілігін сақтап келеміз. Қызметкерлерге төлемдер, бюджетке міндетті төлемдер және зейнетақы жинақтары кідіріссіз жүзеге асырылуда.

Отандастарымызды Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды символдарының бірі – ұлттық валюта күнімен құттықтаймын! Егемендігіміз баянды болсын!  Міне, 27 жыл бойы қаржыгерлер де өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Әріптестерімнің жанұяларына амандық, еңбектеріне табыс тілеймін!

Алмагүл Саматқызы, сұхбатыңыз үшін рахмет!

 

                                                                                                                 Гүлбаршын Байназарова

B2719943 9EC2 4C34 BDAF 0076EDC76E6C