25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сыртқы қауіптерден қорғау

 Физикалық қорғау қызметі (ФҚҚ) 2017 жылғы 4 қыркүйекте «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің Қауіпсіздік департаментінің қосалқы бөлімшесі ретінде құрылды. Жұмыстың басты бағыты-кәсіпорынды физикалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, атап айтқанда, стратегиялық санатқа жатқызылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.12.2011 жылғы №1530-29с Қаулысымен мемлекеттік күзетуге жататын объектілер тізбесіне енгізілген «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қорғалатын объектілеріне рұқсатсыз кірудің алдын алу бойынша ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесін жасақтау.

Кез – келген кәсіпорын жұмысына  жеке тұлғалардың заңсыз әрекеттері ерекше қауіп төндіреді. Олар кәсіпорын мүлкін ұрлап, тіпті объектіде төтенше жағдайлар туындатуға дейін баруы мүмкін. Сондықтан, пайда болатын қауіптер алдын-ала болжанып, оларды болдырмаудың барлық мүмкіндіктері жасалуы тиіс.  Осы мақсатта биылғы жылы стратегиялық объектілер мен атом энергиясын пайдалану объектілеріне қойылатын талаптарды орындау бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес комбинаттың қорғалатын объектілеріне рұқсатсыз кіруді болдырмау үшін бірқатар ұйымдастыру және техникалық шаралар жүзеге асырылды.

Негізгі міндет бақылау - өткізу пункттерін жабдықтау болды. Мәселен, пункттерде кабель желілері тартылды, сонымен қатар ЖЭО-2 Бақылау өткізу пункті периметрі бойында бейнебақылау камералары қойылды, ДӨжӨЖСҚЗ әкімшілік-тұрмыстық кешенінде - 23, ЖЭО-2 алдындағы 8-ші Бақылау өткізу пунктінде - 1, СЖОТ-3 БӨП-те - 4 бейнекамера орнатылды. Жаңа 2 бақылау мұнарасы электрмен жабдықталып,  СЖОТ-3 аумағы жарықтандырылды. «ЖЭО-2 қорғау периметрінің 1-шебін жаңғырту» жобасының 2-кезеңін іске асыру шеңберінде «Микрос» датчиктері «Радианға» ауыстырылды. СЖОТ-2 периметрінің сыртқы темірбетон қоршауына «Егоза» арматураланған тікенді лентасы орнатылып, күрделі жөндеу аяқталды, наряд жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілдерімен химиялық реактивтер мен қышқылдарды сақтау қоймалары, радиометриялық зертхана және қосалқы үй-жайлар тексеріледі.

Физикалық қорғау қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде комбинат персоналында терроризмге қарсы идеологияны қалыптастыру, әлеуметтік жанжалдардың және экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлер міндетті түрде Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясатының ережесімен танысады.  Кәсіпорын күзетіндегі ҚР Ұлттық ұланының №3502 әскери бөлімімен бірлескен жоспарлы оқу іс-шаралары барысында ЖЭО-2 аумағындағы арнайы жасақталған жаттығу алаңында күзетілетін объектілерде төтенше жағдайлар туындаған кездегі екі бөлімшенің іс-қимылы тәжірибелік жаттығулары үнемі пысықталып отырады.  Облысымыздағы  тіршілікке қажетті барлық ресурстарды өндіретін бірден-бір кәсіпорын 

 

                                                                                                  Бекжан Бағдабаев, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 

физикалық қорғау қызметінің бастығы

 

6d6ea197 9cda 40fc 98aa fc91ca9e0b45