25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жаңа стандарт бойынша жұмыс істеу

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ауыз су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлер тобы ҚР СТ ISO 22000-2019 «Тағам өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері. Тағам өнімдерін жасау тізбегіне қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар" стандартының жаңа нұсқасының талаптары бойынша оқудан өтті .

IAF Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджментінің жаңартылған жүйесі ҚР СТ ИСО 22000-2006 (ISO 22000:2005) «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелерін» 2021 жылғы 19 маусымда ауыстырады.

Өтпелі кезең ішінде кәсіпорын қызметкерлері ҚР СТ ISO 22000-2019 стандартының талаптарын зерделейді және қолданыстағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің сертификатталған жүйесін ҚР СТ ISO 22000-2019 талаптарына сәйкес бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді.

Жаңа стандартқа көшудің соңғы кезеңі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бойынша бұйрықпен тағайындалған Ауыз су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының тамақ өнімдерінің (ауыз судың) қауіпсіздік менеджменті жүйесінің жұмыс істеу нәтижелілігі мен тиімділігін талдауы болмақ, содан кейін кәсіпорын қолданыстағы менеджмент жүйесін сертификаттауға ҚР сертификаттау жөніндегі органына өтінім береді.

ISO 22000 – бұл тамақ өнімдерін жеткізу тізбегінің қатысушысы болып табылатын кез келген ұйымға қолданылатын, тамақ қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарт, бұл кәсіпорынға жоғары сапалы және қауіпсіз өнім (ауыз су) өндіруге мүмкіндік береді, ал тұтынушылар бұл ретте өндірушінің санитариялық талаптар мен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарайтындығын осы құжат арқылы көреді.

                                                                                                         Гүлбаршын Байназарова