26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Алда Жоғары лига үшін күрес

Жақында шағын футболдан 6х6 форматындағы «Еуропаға жол» VIII облыстық чемпионатының  қорытындысы шықты.

Бір айға ұласқан жарыста 13 команда бақтарын сынады. Олардың қатарында  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС спортшылары да бар. В1 Лигасындағы біріншілік үшін күрес өте тартысты әрі қызықты өтті. Ал 12-ші ойында, чемпионат аяқталғанға дейінгі тур үшін көшбасшылар үштігі анықталып, «Ақтау ВС строй», «Өзенмұнайсервис кәсіподағы» және «МАЭК» командалары жүлделі орындарды бөлісті.

Маңғыстау облысының VIII чемпионатының қорытындысы бойынша «МАЭК» футболшылары 2021 жылдың көктеміндегі өтпелі матчта В2 Лигасының үшінші командасы «Ерқанатпен» (Шетпе) кездеседі. Бұл ойынның жеңімпазы А Жоғары Лигасына өту үшін «Каспий Битум» командасымен күреседі.

Жарыс соңында ұйымдастырушылар әдеттегідей үздік ойыншыларды атап өтті. В1 Лигасындағы «үздік қорғаушы» атағын «МАЭК» командасының футболшысы Мағжан Байжанов иеленді.

Кәсіпорынның Ішкі қауіпсіздік қызметінде еңбек ететін Мағжан Байжановтың ала допты қуалап жүргеніне 15 жыл болыпты. Алғашында достарымен бірге балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барып, футболға жәй ғана қатысып жүрген, кейін жаттықтырушылар бұл баланың ойнау шеберлігінің ерекше екендігін байқап түрлі жарыстарға қатыстыра бастады. Айтса айтқандай, кейін Мағжан Қазақстанның жастар құрамасына кіруге, содан кейін ересектер құрамына өтуге мүмкіндік алды, талай жарыстарда жеңімпаз атанды. Бүгінде ол «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС футбол командасының маңдайалды ойыншысы, мақтаулы қызметкер, отбасында үш бала тәрбиелеп отырған бақытты әке.

«Келесі жыл біздің компания футболшылары үшін өте маңызды болмақ. Өйткені, бізге А Лигасына өту керек, ол үшін көп күш жұмсап, жеңіске жету мақсатындағы табанды жаттығуларымызды үздіксіз жалғастыруымыз қажет», - дейді Мағжан.

IMG 9166

Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!

                                                                                                  Гүлбаршын Байназарова

IMG 8161

IMG 9259

IMG 9261