18.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметімен танысты

 Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да болды.

Министр өнеркәсіптік тұтынушыларға электр және жылу энергиясын өндіруге және дистиллят дайындауға арналған 10 турбиналық агрегат пен 13 қазандық орнатылған 2-ші Жылу электр орталығының (2-ЖЭО) жұмысымен танысты.
Іс сапар барысындағы келесі нысан – дистиллят өндіру зауыты болды, онда Нұрлан Ноғаевқа теңіз суын тұщыландыру технологиясы және кешеннің тиімділігін арттыру жоспарлары туралы айтылды.
Министрге 1999 жылдан бастап бөлшектеу және көму алдында 50 жыл бойы консервациялау және ұстау режимінде тұрған БН-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыс туралы баяндалды. Ақтау қаласында сұйық металл жылу тасымалдағышы бар БН-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторы 1972 жылғы 29 қарашада физикалық іске қосылып, бір жылдан кейін Маңғыстау энергия жүйесіне қосылған болатын. БН-350 реакторлық қондырғысы ширек ғасыр жұмыс істеді.
Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
- Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік көшбасшылардың бірі болып табылады және осы орнын сақтауы тиіс. Өз шешімін талап ететін бірқатар мәселелер де бар, олар жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуы тиіс, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. - Кәсіпорынды дамыту бағдарламасын жасап, жинақталған мәселелерді шешуді қолға алу қажет.

IMG 20201109 WA0005

IMG 20201109 WA0004