24.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Өрт қауіпсіздігі басты назарда

 «Өрт  - тілсіз жау!» . Әсіресе, өңірдегі аса маңызды тіршілік ресурстарын өндіретін біздің кәсіпорында өрт қауіпсіздігін сақтау басты назарда болуы тиіс. Осы мақсатта ЖЭО-2 ғимаратында №3502 әскери бөлімі қызметкерлері мен кәсіпорын өрт сөндірушілері арнайы бірлескен тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімшесі мен әскери бөлім қызметкерлерінің өрт болған жағдайда оны сөндіру және оқшаулау, күрделі дәрежедегі өрттерді сөндіру тәсілдерін пысықтау, жұмысшы персоналды эвакуациялау және стратегиялық объектіде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау.

Оқу-жаттығудың тактикалық сценарийі бойынша, ЖЭО-2 жұмыскерлерінің бірі №1 турбинаны істен шығару мақсатында ғимараттың кабельдік тоннелінде тұйықтауды қасақана жүзеге асырады, тұтанған жалын алапат өртке ұласады.

№3502 әскери бөлімінің командирі полковник Ерік Усановтың өкімі бойынша 2020 жылдың 23 қыркүйегінде 15 сағат 40 минутта әскери бөлім барынша жедел-қызметтік дайындық дәрежесіне келтіріліп, жеке құрам оқу дабылы бойынша көтеріліп, стратегиялық объектіге жедел жеткізіледі.

Өртті сөндіруге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімшелері және 3502 әскери бөлім командирі резервінің жеке құрамы тартылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шыққан өрттің қауіптілігін үшінші дәрежелі деп белгіледі.

- Өрт болған жердегі күштер мен құралдарды оңтайлы басқару үшін оқу-жаттығу басшысы, әскери бөлім командирі, полковник Ерік Усанов бөлімнің лауазымды тұлғалары мен объект әкімшілігінен жедел штаб құрды. Штаб байланысты ұйымдастыру, әскери және өрт сөндірушілер бөлімшелерін қарсы алу және оларды өрт сөндіруге мүмкіндік болатын жерлерге орналастыруды қамтамасыз ету,  жауынгерлік учаскелерді құру міндеттерін атқарды,-дейді Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс тобының бастығы, майор Ринат Ильбаев.

Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуды өткізу кезінде жеке құрам «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлерін, қызмет көрсетуші персоналдарды эвакуациялады және құтқарды, зардап шеккендер Апаттық медицина орталығының «жедел жәрдем» бригадаларына және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС медициналық қызметіне жеткізілді.

Өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша оқу-жаттығу басшысы 3502 әскери бөлімі жеке құрамының және объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бірлескен іс-қимылдарына оң баға берді.

                                                                                               Гүлбаршын Байназарова

 

6

7