23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кезекті жеңіс!

Жақында Маңғыстау облысы аумағындағы Қазақстан Волейбол Федерациясының ерлер командалары арасында 2019 – 2020 ж. арналған кезекті маусымының ашық біріншілігі аяқталды.  

Оған еліміздегі  «МОВФ», «Орталық Азия Интергаз», «Өзенмұнайгаз», «Оil Service Company», «УТТиОС», «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» және «Маңғыстау-2» топтары бақ таласты. Бұл командалар ұлттық лигаға өңір атынан қатысатын қосалқы топтар болып табылады.        

Ашық чемпионат ойындары тартысты өтті деуге болады.   Кезекті ойындардың бірін біздің «МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» ойыншылары «Маңғыстау-2» командасымен өткізді.      

«Ойын өте тартысты өтіп, ойыншыларымыз ұлттық лигада бақ сынап жүрген «Маңғыстау-2» командасының кәсіби ойыншыларымен иық тірестірді», - деді  «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» құрама командасының жаттықтырушысы, қауіпсіздік қызметінің бастығы Қаныбек Шайдуллин. 

Кейінгі кездесулерде де комбинаттың жігіттері тамаша ойын көрсетіп, кездесу барысында өздерінің шеберлігін танытты.  Барлық ойында ұтымды тәсілдерді іске асырып, қателік жіберіп алмауға тырысты. Матчта бізді жеңіске әкелген жойқын соққылар мен дөп тиген доптар. Жігіттер айласын асырып, эмоцияларын жасырып кездесулерді барынша қызықты етті. Ойын қорытындысы бойынша, өткен жылғыдай 15 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы - «МАЭК- Қазатомөнеркәсіп» командасы атанды. Осылайшы біздің жігіттер кубокты өзімізде қалдырды! 

«Волейбол - спорттың командалық түрі және жеңіске жетуде команданың әрбір мүшесі тер төгеді.  Жарыста барлық волейболшы мықтылығын көрсетті», - деді Қаныбек Шайдуллин. 

Волейбол командасының жаттықтырушысы комбинат басшылығына алғысын білдірді. Кәсіпорынның қолдауы - спортшылардың тек облыстық, қалалық спорт ареналарында жүлделі орындарға ие болып қана қоймай, ұлттық компаниялармен бәсекеге түсуге қабілетті болуына айтарлықтай үлес қосып отырғандығын да  жеткізді.

Жеңісті күндерде жүздескенше!

Арайлым Күнтебай

167f5d14 a698 43bc b3ea 3c4476e9b115