23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қаракөл – фламинго мекені

Қаракөл көлі фламинго тобының қоныс аударатын уақытша мекеніне айналды. Мамандардың айтуынша, алғашқы тобы Ақмола облысында орналасқан Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының Теңіз жəне Қорғалжын көлдерінен ұшып келген. Күннің күрт суытуына байланысты құстар ең соңғы қонысаудару орны ретінде Түркіменстан немесе Иран аумағындағы Хазар қорығын таңдаған болуы мүмкін.

1986 жылы Қаракөл көлі ерекше қорғалатын аймақ мəртебесіне ие болып, Қарақол мемлекеттік зоологиялық қорығының құрамына кірді. Қаракөл көлінің субетінің ауданы шамамен 3773 га., сонымен қатар Қаракөлде Қазақстанның Қызыл кітабына жəне тіпті табиғат жəне табиғиресурстарды қорғаудың халықаралық одағының (ТҚХО) тізіміне енгізілген 188 -ден аса құс түрлерін кездестіруге болады. Бірегей көлдің орнитофаунасының сақталуы комбинаттың өнеркəсіптік қауіпсіздік департаментінің қоршаған ортаны қорғау бөлімі мамандарының жіті бақылауында. Ай сайын Қаракөл көлінің флорасы мен фаунасына таксономикалық талдау жасалып, жануарлар мен өсімдіктер əлемінің жай-күйіне мониторингтер жүргізіледі. Сондай-ақ «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС Қаракөл көлінің жағалау аумағын тазарту бойынша іс-шаралар жүргізугеу əкілетті органдар мен қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетеді.гие

Арайлым Күнтебай