26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбек құқығын қорғауда 21 жыл

Ұзақ жылдар бойғы кәсіподақ саласындағы табанды еңбегі мен  осы саланы дамыту ісіне сіңірген сүбелі еңбегі үшін әріптесіміз Магомед Эмин Қадыров Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталды. Грамота марапат иесіне еліміздің кәсіподақтар күні мерекесін атап өту шарасы кезінде табыс етілді.

Бұдан 36 жыл бұрын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де еңбек жолын бастаған Магомед-Эмин Қадыров жиырма бір жыл бойы комбинатқа қарасты автокөлік басқармасының кәсіподақ комитетіне үздіксіз басшылық етіп келеді.

Осы марапаттау кезінде сөз алған Магомед Эмин Қадыров: - «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сияқты ірі кәсіпорында кәсіподақтың алар орны зор, онсыз болмайды да. Кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде біздің алдымызға қойылатын міндет – ұжым мүшелерінің көңіл-күйін жіті бақылап, еңбек шарттарының бұзылуына соқтыратын жағдайлардың алдын алу, болдырмау, нәтижесінде еңбекшілердің жұмыс берушімен арасындағы қарым-қатынасын реттеу арқылы олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қол жеткізу, еңбек құқығын қорғау болып табылады. Күнделікті еңбек барысында қызметкерлермен және басшылық өкілдерімен тығыз байланыс орната отырып, маңызды мәселелерді талқылауға қатысып оның тиімді шешімін табу жолдарын қарастырамыз. Кәсіорында еңбек шарты бойынша келіспеушіліктердің туындамай келуі кәсіподақ мүмкіндіктерінің толық жүзеге асырылып отырғандығының айқын  көрінісі деп білемін, - деді өз ойымен бөлісе келе.

Әріптесімізге мұнан былай да осынау абзал қызметінде табыс биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз!

Нұржаубайұлы Қолқанат

Кадыров МЭ

IMG 5391