«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бөлімшелерінде қызметкерлердің азаматтық қорғауға оқыту аяқталуда.
«2019 жылы басшы, командалық-басшы құрамды, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мамандарын, жұмысшылар мен қызметшілерді дайындау қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1030-в кәсіпорын бойынша бұйрыққа сәйкес білім алушылардың оқуға үш санаты кандидат болды: басшы құрамы, азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамы; азаматтық қорғау құралымдарына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілер.
Жыл бойы құралымдардың командирлері, азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамы «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу барысында сыныптық-топтық сабақтарға, апаттық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін пысықтау бойынша сейсмикалық жаттығулар мен оқу-жаттығуларға қатыса отырып, өз біліктілігін арттырды.
Бірінші кезекте кәсіпорынның жедел-диспетчерлік қызметтерінің комбинаттың басшылық құрамын хабардар ету және жинау жөніндегі, ауыз судың магистральдық құбырында және «Құйылыс-Меловое» кен орнының минералдандырылған суының магистральдық суағарында, сондай-ақ 110 кВ электр беру желілерінде апаттық жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-қимылдары пысықталды.
Өткізілген оқыту нәтижелері бойынша кәсіпорын бөлімшелерінде азаматтық қорғау жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін жауаптылардың алдына оқытылатын қызметкерлерден сынақтар қабылдау, азаматтық қорғау саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі одан арғы іс-шараларды көрсете отырып, есептік құжаттарды дайындау міндеті қойылды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС
Қауіпсіздік департаменті