19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Өрт сөндірушілер кәсіби мерекесін атап өтті

19 қазанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі бөлімінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті.

Дәл осы күні, бұдан 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің Жарлығымен еліміздегі төтеннен туындаған табиғи және техногендік апаттық жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласы бойынша өкілеттігі бар орталық атқару органы болып табылатын Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылған болатын.

Бір кездері КСРО ІІМ жанынан құрылған кәсіпорын объектілерін өрттен қорғау қызметі комбинаттың да маңызды бөліміне айналып, ондағы қызметкерлер өрттің алдын алу, оны ауыздықтау, кәсіпорын бөлімшелерінде апаттық-қорғану шараларын белсенді жүзеге асырып келеді.

 - Біздің жұмысымыздағы негізгі міндетіміз кәсіпорын аумағында және оған жапсарлас сырт жағында от шығу қаупі мен өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады. Өткізіліп тұратын оқу семинарлары мен күнделікті нұсқаулықтар беру кезінде комбинат қызметкерлерінің өрт шыға қалған жағдайда бірлесе қимыл жасауын қалыптастыру, - дейді комбинаттың өрт сөндіру қызметі құрылған кезден бері осында қызмет жасап келе жатырған Лариса Николаевна Попова.

Әріптестерінің айтуынша Лариса Николаевна  қызмет еткен жылдары ішінде өзінің білікті маман екендігін сан рет дәлелдеп, өрт қауіпсіздігі туралы ереже бұзушылықты болдырмау бойынша маңызды ұсыныстар беріп, объектілер мен цехтардағы нұсқаулықтарға өзгерістер енгізуде белсенді ықпал етіп келеді.  Өрттің алдын алу жөніндегі аға инспектор өзінің көп жылғы тәжірибесін жас қызметкерлермен кеңінен бөлісіп, оларға кәсіби мамандығын шыңдауға көмектесуден жалықпайды.

         Комбинат ұжымы атынан әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге бақыт, мықты денсаулық, сәттілік пен жетістіктер тілейміз! Еңбектеріңіз үшін алғысымыз мол!

                                                                                     Нұржаубайұлы Қолқанат

 

ПМ

3