28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ұлттық стандарттарға сәйкеспіз

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Ұлттық стандарттарға сәйкестікке менеджменттің интеграцияланған жүйесінің қайта сертификаттау аудитінен өтті. Орал қаласындағы "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Батыс Қазақстан филиалының сарапшы-аудиторлары сыртқы аудит өткізу барысында қолданыстағы сапа менеджменті жүйелерінің үздіксіз сәйкестігі мен нәтижелілігі ҚР СТ ISO 9001-2016 стандартының, экологиялық менеджменті ҚР СТ ISO 14001-2016 стандартының, еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті ҚР СТ ISO 45001-2019 стандартының талаптарына сәйкестігін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті (ауыз су) ҚР СТ ИСО 22000-2006 стандартының талаптарына сәйкестігін тексерді.

- Кәсіпорында біріктірілген менеджмент жүйесі 2008 жылы енгізілді.  Содан бері сыртқы аудит (инспекциялық аудит) жыл сайын жүргізіліп келеді, ал қайта сертификаттау (яғни сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту) әрбір үшінші жылы, яғни 2011, 2014, 2017 жылдары жүргізілді. Биыл  осы сыртқы аудит нәтижесінде біз қолданыстағы сертификаттардың менеджмент жүйелерінің ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігін төртінші рет растаймыз және ұзартамыз, сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесінің ҚР СТ OHSAS 18001-2008 стандартынан ҚР СТ ISO 45001-2019 жаңа нұсқасына ауысуы да сәтті өтті,- деп хабарлады «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тәуекел-менеджмент, сапа және Даму стратегиясы департаменті мамандары.

Стандарттың жаңа нұсқасына көшу шеңберінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженерлер, кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінде жұмыс істейтін аудиторлар ұлттық стандартты өзгерту жөнінде оқудан өтті, сондай-ақ қолданыстағы менеджмент жүйесі шеңберінде стандарттың жаңа нұсқасына сәйкестігі бойынша жұмыстар мен іс-шараларды ұйымдастыруда, ҚР СТ ISO 19011 ұлттық стандарты бойынша ішкі аудиттерді жүргізу әдістемесі бойынша практикалық көмек алды.

Сыртқы аудит инспекциясы барысында  сертификаттау органының сарапшы-аудиторлары Сапа менеджменті, экологиялық менеджменті және еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджментінің қолданыстағы жүйелерге сәйкестігі мен нәтижелілігін растады.

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі