23.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорынның Қауіпсіздік қызметіне 50 жыл

 

1970 жылдың 1 қазанында Маңғышлақ энергия зауытының №280 бұйрығымен Режим-құпия бөліміне қарасты Күзет қызметі құрылды.

Аталған бөлімше алғашқы кезде Қойма шаруашылығы, ОРУ-110, зауыттың орталық зертханасы, тазарту құрылғылары, «Ивушка» демалыс базасы және ЖЭО-1 объектілерін  күзетке алды. 1983 жылы Жылу электр станциясы пайдалануға берілгеннен кейін күзет қызметі ведомстволық әскерилендірілген күзет қызметі болып қайта жасақталды. Ал 2004 жылы тамыз айынан бастап ВӘК күзет қызметіне берілген мемлекеттік лицензия негізінде «Күзет» бөлімшесі болып құрылды. Кәсіпорынның материалдық ресурстары мен өткізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет жұмысын маңыздандыра түсу   мақсатында 2012 жылғы қарашада бөлімше Қауіпсіздік қызметі болып қайта құрылды. Осылайша, өткен 50 жыл ішінде бөлімшеде бірнеше құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылып, күзетілетін объектілер мен бекеттер саны да артты.

Қауіпсіздік қызметіне кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңдарына рұқсатсыз кірудің алдын алу және жолын кесу, кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңдарына өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыру, БН-350 реакторлық қондырғысында сақтауда тұрған ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды қорғау міндеттері жүктелген.

Күзет қызметкерлері төтенше шешімдерді тез қабылдай алатын және қызметке қажетті көптеген кәсіби дағдыларға ие әрі шыныққан  болуы тиіс. Олардың арнайы посттағы жұмысы да өте жауапты әрі оңай емес. Өйткені, күні-түні, қысы-жазы ауа райының барлық қолайсыз жағдайларына қарамастан өз күзетіндегі аумақты бақылауда ұстауы қажет. Қызметкер жалғыз болған жағдайда да өзіне сеніп тапсырылған объектіні күзетуге толық жауап береді. Ауа райына байланысты қорғаудағы аумақ  анық  көрінбесе де қоймаларды, ғимараттарды, үй-жайларды аралап, тексеру жүргізіп және құқық бұзушыларды ұстауға әрқашан дайын болуға, шабуыл болған жағдайда оны тойтаруға күші жететін болуы керек.

Қауіпсіздік қызметкерлері үнемі спортпен шұғылданып, денсаулығын мықтап, дене бітімін де басты назарда ұстауы тиіс. Өйткені, олардың қызмет барысында қажет болатын кез келген жағдайға дайын болуы осы мүмкіндіктеріне байланысты болатыны белгілі.  Күзет қызметіндегі қыздар мен жігіттер комбинаттағы  қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады, түрлі спорттық жарыстарда да үнемі жеңімпаздар қатарынан көрінеді. Әсіресе, жүлделі бірінші орынды ешкімге бермейтін волейбол, баскетбол командаларының және қол күресшілеріміздің жетістіктері мақтануға тұрарлық. Бөлімшеде құрылған «Көңілді атқыштар» тапқырлар клубы да өзекті әрі өткір әзілдерімен көптеген жарыстардың жеңімпазы атанған.       

«Біз 50 жылдық мерекемізді жақсы көрсеткіштермен, жоғары жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Алдағы уақытта да біздің қызметкерлер нәтижелі еңбек етіп, өздеріне жүктелген міндеттерін мінсіз атқарады деп сенемін.  Комбинат басшылығына, қауіпсіздік департаментіне,  күзетілетін нысандардың басшыларына біздің қызметімізге жасаған қолдаулары үшін алғысымды білдіргім келеді", - дейді қауіпсіздік қызметінің бастығы Қаныбек Шайдуллин.

Кәсіпорынның күзет қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтап, аса маңызды объектілерді қорғау саласындағы күрделі ісінде табыс, отбасыларына амандық, зор денсаулық, тілейміз!  

Гүлбаршын Байназарова

 

AHIF3619

sport

IMG 2986

IMG 1138

OKFM8675

IMG 20200217 085737