22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбек кодексіне өзгертулер енгізілді

 

          Кəсіпорында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар тақырыбына арналған семинар болып өтті. Оған барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, түрлі департаменттер мен бөлімдердің қызметкерлеріқатысты. Қарапайым еңбек адамы үшін асамаңызды тақырып-қа Заң ғылымдарының кандидаты, Аль-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастарфакультетінің халықаралық құқық кафедрасының доцентіГилёва Наталья Васильевна ZOOM бағдарламасы арқылыонлайн баяндама жасады. Лектор тыңдаушыларға ҚР Еңбеккодексіне сəйкес еңбек қатынастарының жаңа талаптары меншарттарын түсіндіріп, енгізілген өзгерістерге қарай жұмысберушіге жүктелетін жауапкершілік дəрежесі туралы əңгіме-леді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегіжылдың 4 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбірзаңнамалық актілеріне еңбек мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын.мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын. Соған сəйкес Кодекске 131 өзгерістер мен толықтыруларенгізілген, яғни 67 бап өзгертіліп, 41 талап жаңартылған. 

        Онда Жұмыс берушінің актілеріндегі қолтаңбаларды цифрландыру, Электрондық еңбек шарттары жəне оларды есепке алудың бірыңғай жүйесі, Жүкті əйелдермен еңбек қатынастары, Қызметкерді жұмыстан шеттету, Еңбек шартын тоқтату, ал қызметкерлердің жекелеген санаттары – вахтаменж, мүгедектер, мерзімді əскери қызметке шақырылуға жататын қызметкерлер туралы өзгерістер енгізілген. Екі күнге созылған семинарға қатысушылар Еңбек Кодексіндегі өзгерістерге қатысты өзекті мəселелерді талқылап, туындаған сұрақтарына толық жауап алды.

Гүлбаршын Байназарова

                

Август 2020

image 28 08 20 12 23

image 28 08 20 12 23 3