7 қыркүйек – 12 қыркүйек аралығында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «КЖСА» МКК-мен бірлесіп Ақтау қаласының жылу желілері құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ жүргізетін болады, осыған байланысты ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады.
Гидравликалық сынақтар аяқталғаннан кейін 13 қыркүйектен бастап абоненттерге ыстық су жылу беру маусымдары аралығындағы қолданылатын схема бойынша беріледі.
Ақтау қаласының орталықтандырылған жылу жүйесін жылу тасымалдағышы бар айналым режиміне ауыстыру жергілікті атқарушы органдардың өкімі бойынша жүзеге асырылатын болады.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС