Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өткен демалыста жұмыс сапарымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де болды. Комбинаттағы кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов және облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев та қатысып, комбинаттың жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженер Игорь Петрович Чернецкий «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің алдағы жылу маусымына дайындығы туралы баяндады.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау бекітілген жоспарлар, бағдарламалар мен кестелерге сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні 2 қазандық агрегаты (ЖЭО-1 №4 ст.; ЖЭО-2 №4 ст.),, 3 дистилляциялық тұщыту қондырғысы (№ 7, 8, 9 ДӨжӨЖСЖЗ) және 1 бойлер қондырғысы толық жөндеуден өтті. Ал қазан айында ЖЭО-2 №11 ст. қазандық агрегаты, қыркүйек айында 5 бойлерлік қондырғылардың жөндеу жұмыстары аяқталады, сондай-ақ, жоспарланған басқа да күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде орындалады деп күтілуде.
Қазіргі кезде ЖЭО-2-ден ЖЭО-1-ге дейінгі тікелей желідегі жылу құбыры учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстардың 85 пайызы орындалды, қазірде құбырларды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жылу желілеріндегі жұмыстардың аяқталу мерзімі - 18 қыркүйекке белгіленді.
Бұдан басқа, тұтынушыларды ауыз сумен және техникалық сумен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Құйылыс кен орнынан ОСЖТ-1 дейінгі жалпы ұзындығы 255 метр минералданған судың магистралдық құбыры учаскелеріне күрделі жөндеу жүргізілді.
Өткен 14 сәуірде күзгі-қысқы кезеңдерге ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «КЖСА» МКК, ПИК бірлесіп қаланың жылу желілері жылу тасымалдау есептік температурасына сыналды.
Ал 12-15 мамыр аралығында жылу беру маусымынан кейін «КЖСА» МКК, ПИК бірлесіп, қаланың және өнеркәсіптік аймақтың орталықтандырылған жылу жүйесіне гидравликалық сынақ жүргізілді. Барлық анықталған ақаулар жойылды, ал 7-13 қыркүйек аралығында алдағы күзгі-қысқы кезеңде жылу желілерінің жұмысқа дайындығын тексеру үшін тағы да гидравликалық сынақтар өткізіледі.
Сондай-ақ, Игорь Петрович облыс әкімінің қолдауын қажет ететін өзекті проблемалық мәселелерді де атап өтті. Бұл - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өсіп келе жатқан дебиторлық берешегі, өңірдің кейбір мұнай өндіруші компанияларының МАЭКтің апаттық жағдайда қолданатын отын қорын толтыру бойынша өздерінің кепілдік міндеттемелерін орындамауы, кәсіпорынның өндірістік кешенін жаңарту және тиімділігін арттыру мақсатында ЖЭО-2 алаңында Бу-газ қондырғысын салу қажеттілігі.
Кездесу соңында И.П.Чернецкий жабдықтардың жұмыс режімдері максималды жүктемелерді толық қамтуға мүмкіндік беретінін айтты. Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімде аяқталып, кәсіпорын алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі міндеттерін нық сеніммен атқаруға кіріспек.
Баспасөз қызметі