18.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мектепке жол

            Кәсіпорынның  кәсіподақ ұйымы жыл сайынғы дәстүрмен қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балаларына сыйлықтарын табыстады. Шілде айынан бастау алған  «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында комбинатта қызмет ететін 100 ата-ана мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балаларына 16 атаудан тұратын оқуға қажетті құрал-жабдықтар алды. Ұсынылған жинақта ең қажетті заттар: дәптерлер, бояулар, фломастерлер, сурет дәптерлері, түрлі-түсті қағаздар, балаларға  арналған органайзерлер және қаламдар бар.

            Міне, жазғы демалыс та аяқталып, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Биылғы жыл балаларға оңай болған жоқ. Жер дүниеге таралған індетке байланысты үйде қамалып отыруға мәжбүр болып, емін-еркін ойнай да алмады, сүйікті мектебіне бара алмады. Мұның бәрі балапандарымыздың жүйкесіне үлкен салмақ түсіргені сөзсіз. Биылғы оқу жылын да оқушылар қашықтан оқу әдісімен бастамақшы. Ата-аналардың айтуынша, бірқатар шектеулерге қарамастан балалар мектепке дайын, ұстаздарымен байланысқа шығар сәтті асыға күтуде. Кәсіподақ сыйға тартқан оқу құралдары да біраз қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді дейді олар.

          Өз кезегінде,  кәсіподақ төрайымы Шабунина Ольга Григорьевна  балалар тәрбиелеумен бірге отбасы тірлігіне де үлгеріп, қызметін де абыройлы атқарып жүрген қызметкерлерге алғысын жеткізіп, жақсы тілектерін арнады.

                                                                                                           Гүлбаршын Байназарова

31