08.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«Қарызсыз қоғам» жобасы іс жүзінде

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ақпан айынан бастап облысымыздың аудан, қалаларында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша  дәрістер жүргізілуде. Осы уақыт аралығында облысымыздың 900-ге жуық тұрғыны арнайы бағдарламаға қатысып, сауаттылығын арттырған. Жобаның мақсаты – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға ынталандыру, азаматтардың сапалы қаржылық кеңестер алуына жағдай жасау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өткен жылдың  1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқтала келіп:

– Бұл ретте «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет, – деген болатын.

Президенттің  тапсырмасын орындау бағытында қазірде еліміздің барлық өңірлерінде осы жоба жүзеге асырылып, арнайы қаржылық сауаттылық сабақтары өткізілуде.

Облыс орталығында Аманат партиясының бастамасымен ұйымдастырылған  әлеуметтік жоба аясында өткізілген «Жеке қаржыны басқару» курсына «МАЭК» ЖШС-нің да бір топ қызметкерлері қатысып, арнайы сертификаттар иеленді.

– Бұл курстың ерекшелігі сол, тапқан табысымызды артық шығындарсыз  тиімді жұмсау арқылы қарыз бен кредитке ұрынбау жолдарын көрсетіп,  әншейінде көп мән бермейтін қателіктерді  жібермеуге үйретеді. Үш күн бойы түрлі тақырыптарда дәрістер оқылды, тыңдаушылар тарапынан да көптеген сұрақтар қойылды. Атаулы жобаның шынымен де  халыққа  берері көп дер едім, – дейді кәсіпорынның «Аманат» партиясы бастауыш ұйымының хатшысы Лейла Джайлаубаева.