20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қызметкерлердің жағдайы басты назарда

Жыл басынан бері кәсіпорында Бас директордың ұжыммен бірнеше кездесуі өткізіліп, онда жұмысшылардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын есептеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және т.б.  мәселелер талқыланған болатын.  Қызметкерлер тарапынан қойылған барлық мәселелер назарға алынып, бүгінде біртіндеп шешімін табуда.

Мәселен, «МАЭК» ЖШС-не 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекітілген тарифтік смета ескеріліп, кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің жалақысы 9,8% мөлшерінде арттырылды. Айта кету керек, 2023 жылдың төртінші тоқсанында ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифін көтеруге келіскен болатын.  «МАЭК» ЖШС қызметі «Табиғи монополиялар туралы», «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңдарымен реттеледі және тарифтік сметаны бекіту немесе қайта қарау тәртібі де нақты регламенттелген.

Сондай-ақ, Адам ресурстарын басқару департаментінің мамандары қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру Заңнамасына сәйкестігін тексерді. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдардың демалыс күндерін есептеудің дұрыстығын тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Мұндай қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін қосымша демалыс берілген, негізгі демалысты алдын-ала беру кәсіпорынды тәуекелдерге әкеледі. Мысалы, Жөндеу зауыты бойынша осы жағдайды талдап қарағанда, 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде бөлімше қызметкерлерінің 85%-ы демалысты әр уақытта, ал 15% -ы бір уақытта пайдаланған.  ҚР Еңбек кодексінің 93-бабына сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектілігі қызметкерлердің пікірі ескеріле отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыс кестесімен айқындалады не тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

Кездесуде қаралған мәселелер қатарында жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру тақырыбы қозғалды. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарымен Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (БТБА) бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. БТБА-да орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігін сақтай отырып, кейбір кәсіптер бойынша разрядтар төмендетіліп, өзгертілгендіктен кәсіпорында біліктілік разрядтарын қолданыстағы БТБА деңгейіне дейін төмендету мәселесі қарастырылуда. Қолданыстағы құжатта разрядтары көрсетілмеген жұмыскерлерге еңбекақы төлеу шарттары сақтала отырып, аз разрядқа ауыстырылып, еңбек шартының талаптары өзгергені туралы хабарланатын болады.

Кәсіпорында «МАЭК» ЖШС кәсіподақ ұйымдарының және Маңғыстау облысының еңбек инспекциясы өкілдерімен бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес біліктілік разрядтарын қолданыстағы Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.   

Бүгінгі таңда энергокомбинатта қызметкерлердің ішкі мансаптық өсу мәселесі де басымдыққа ие. МАЭК-те алғаш рет жұмысшылардың ішкі ауысулар арқылы бос лауазымдарға орналасу рәсімі басталды. Бірінші кезеңде тестілеу арқылы бірқатар жұмысшылар, сондай-ақ 18 маман мен қызметкерлер тестілеуден өткізіліп, олардың лауазымдарға лайықтылығына  баға берілді.  Бұл шараның мақсаты - қызметкерлердің білімін, біліктілік деңгейін және олардың кәсіби өсу мүмкіндігін бағалау және тексеру. Тестілеуден сәтті өткен қызметкерлер кейіннен бос лауазымдарға орналасу үшін Конкурстық комиссияға сұхбаттасуға жіберілетін болады.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі де үнемі кәсіпорын басшылығының назарында. Сатып алынатын жеке қорғаныс құралдарының сапасын уақтылы бақылау, сақтауды ұйымдастыру және оларға күтім жасау мақсатында 30 қаңтарда «МАЭК» ЖШС-де Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ) сапасын бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Бүгінгі күні 2024 жылға арналған жылдық өтінімге сәйкес қолғаптар мен  респираторлар, құлаққаптар, алжапқыштар, газқағарлар, қорғаныш көзілдіріктері, қалқандар, жеңқаптар және т.б. сатып алуға шарттар жасалды.