08.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Тұрғындарды ауыз сумен қамту басты мәселе

Маңғыстау облысын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесте сумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы айтылды. Кеңесте Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түрікменбаев, сондай-ақ «МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахимов баяндама жасады.  

Комбинат басшысы ЖЭО-1 су жинау каналында жүргізіліп жатқан тазарту жұмыстары барысымен таныстырды. Өз баяндамасында ол қазіргі кезде  су арнасы 1,5 м тереңдетіліп, өткізу қабілеті 2,9 есе артқанын атап өтті.  

«МАЭК» ЖШС-нің екінші каналын да тұнба шөгінділерінен тазартуға  ерекше назар аударылып, оны 2 кезеңде жүргізу жоспарлануда:

            – ұзындығы 1,0 км RIXOS-тағы көпірге дейін;

            – RIXOS көпірінен 2,8 км аванкамераға дейін.

Қайрат Рахимов дистиллят бойынша өнімділігі бүгінгі күні тәулігіне 60 720 м3 құрайтын ДӨжӨЖСЖЗ су тұшыту қондырғыларының қазіргі  жай-күйі туралы айтып берді. Қондырғылардың  тозу деңгейі – 73,5%. 

Комбинат мамандары ДТҚ (ДОУ), КҚПБ-нің (ГТПИ) қазіргі  өнімділігі жағдайында жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізілмесе Ақтауда ауыз су жетіспеушілігі мәселесі өзекті болып қала береді деп санайды. Айта кетейік, 2023 жылдың жазында ауыз судың жалпы тапшылығы тәулігіне 6 700 м3 құрады.

Кәсіпорын қызметкерлерінің болжамы бойынша, ДТҚ-9, КҚПБ-1Б жөндеу жұмыстары жүргізілгенде, ОСЖТ-2-ге (ЦУВС-2)  кері осмос қондырғысы қойылғанда және «Каспий» су тұшыту зауытынан берілетін қосымша көлемді қосқанда, жазғы кезеңдегі ауыз су резерві тәулігіне 3 320 м3 құрауы мүмкін.

Алдағы жазда ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдары ұсынылды. Мәселен, «МАЭК» ЖШС тарапынан Жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының кестелеріне сәйкес дистилляциялық қондырғыларды, КҚПБ жөндеу жұмыстарын бастау қажет.

1 мамырға дейін «Жан-Су 362» ЖШС өнімділігі тәулігіне 6000 м3 ОСЖТ-2-де кері осмосты су тұшыту қондырғысын пайдалануға беруі тиіс. Ағымдағы жылдың соңына дейін  комбинат алаңында тәулігіне 24 000 м3 су өнімділігі бар жоба іске асырылуы қажет.

МАЭК басшылығы су тұшыту кешенін дамыту үшін тозығы жеткен тұшыту қондырғыларын Көлденең-құбырлы пленкалы буландырғыштарды КҚПБ-ның тиімді әрі заманауи түрлерімен кезең-кезеңімен ауыстыруды ұсынады.  Бұл ретте қаражаттың жылдық үнемделуі шамамен 2,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл жобаны қаржыландыру үшін қазіргі уақытта Азия даму банкі, Еуропалық қайта  құру және даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілуде.

Қайрат Рахимов өз сөзінде облыс орталығын жылумен және сумен жабдықтауды трансформациялау Стратегиясын ұсынды. Мақсат барлық тұтынушыларды сапалы ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.

– МАЭК жылу энергиясы және су өндіруші кәсіпорын болып қала береді. Ал жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау мәселелерін су арнасы және жылу транзиті ретінде әрекет ететін жекелеген коммуналдық ұйымдарға бекітуді ұсынамыз. Бұл схема еліміздің басқа өңірлерінде өзінің тиімділігін көрсетті, – деп атап өтті Қайрат Рахимов.  

Стратегия шеңберінде тұтынушыларды ресурс үнемдеуге ынталандыру үшін ауыз суды тұтыну көлемі бойынша саралау тетігін әзірлеу туралы ұсыныс енгізілді.  

Сондай-ақ, қалалық жылумен жабдықтаудың перспективалық схемасын әзірленіп жатқан Ақтау қаласын дамыту бас жоспарына байланыстыра отырып, әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізілді.  

Жалпы, МАЭК ұсынған стратегиялық және тактикалық іс-қимылдар жоспарын өңір әкімі Нұрлан Ноғаев қолдап, ол тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету болашақтың басты мәселесі екенін атап өтті.

– Біз халықты сумен қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салуымыз керек. Сонымен қатар, біз су ресурстарын үнемді пайдаланып, ысырапшылдықтан аулақ болуымыз қажет. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ұлттық құрылтай барысында айтқан болатын. Президент бізде суды үнемдеу мәдениеті жоқ екенін, ал әлемде су болашақтың ресурсы екенін түсінетінін атап өтті. Су тапшылығына тап болған еліміз үшін бұл мәселе әсіресе өзекті болып тұр. Біздің өңірдегі жағдайды ескерсек, бұл мәселе тіпті өткір тұр. Су тек халық үшін ғана емес, сонымен қатар жасыл желектерді суару үшін де қажет, бұл біздің экожүйеміз үшін және ауыл шаруашылығын дамыту үшін де өте маңызды, – деді Нұрлан Ноғаев.