22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ресейлік мамандар МАЭКте

            «МАЭК» ЖШС станцияларында электр энергиясын өндірудің тиімділігін арттыру және ұлғайту мәселелерін кәсіпорын мамандары «Силовые машины» АҚ (Санкт-Петербург қ.) өкілдерімен талқылады.
Екі күндік жұмыс сапары аясында ресейлік Машина жасау компаниясының қызметкерлері энергетикалық кәсіпорынның электр станцияларындағы өндіруші жабдықтардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.
            Кездесуге қатысушылар қолданыстағы ЖЭС алаңында жаңа төртінші энергия блогын салу, ЖЭО-2 және ЖЭС-тің қолданыстағы генерациялық жабдықтарын жаңғырту, бу турбиналары мен қазандық жабдықтарына сервистік қызмет көрсету мәселелеріне назар аударды.
            Мамандар Жылу электр станциясындағы №3 энергоблокты күрделі жөндеуді келесі жылдың көктем айларында, ал №2 энергоблокты күрделі жөндеуді 2025 жылы жүргізуді жоспарлады. Екі тарап өкілдері кәсіпорындағы негізгі генерациялық жабдықтарды біртіндеп жаңғырту мәселелері бойынша алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге келісті.