17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

БН-350 РҚ ғимаратында өртке қарсы жаттығу өткізілді

       БН-350 РҚ  130 ғимаратында және ЖЭО-2 аумағындағы №323/4 үй-жайында өртке қарсы кезекті жаттығу өткізілді.

       Мұнда жаттығу сценарийі бойынша химиялық элементтерді сақтау бактарын қыздыру және пайдалану процесі кезінде бактардан  натрийдің  ағуы орын алған.

       Оқу-жаттығуларға қатысқан 3 өрт сөндіру машинасы, 11 адамнан тұратын МЕӨҚҚ кезекші қарауылының жеке құрамы оқиға орнына 8 минуттан соң келіп жетті. Мұнда бірден газ-түтіннен қорғау қызметі құрылып, қауіпсіздік бекеті қойылды. Қауіпті  аумақта жүргізілген барлау кезінде зардап шеккендер табылған жоқ. Ал мамандар ауданы 12 м² болатын натрийдің шартты тұтану ошағын тауып, оны сөндіруге кірісті.  

       Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылардың айтуынша шартты өртті оқшаулау және жою қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Оқу-жаттығудың барлық қатысушылары өздеріне қойылған міндеттерді ойдағыдай орындады.

       - Тренингтің басты міндеттерінің бірі – Мемлекеттік емес өрттен қорғау қызметі персоналының штаттан тыс жағдайдың салдарын оқшаулауға дайындығын тексеру, қызметкерлердің апатқа қарсы және өртке қарсы техниканы қолдану дағдыларын пысықтау. Сондай-ақ,  оқу-жаттығуларға тартылған бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды, - деп атап өтті «МАЭК» ЖШС МЕӨҚҚ басшысы Вусал Юсифов.