23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Инвестициялық бағдарлама орындалуда

          «МАЭК» ЖШС-де Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Табиғи монополиялар субъектілерінің басшылары, тәуелсіз қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз турын өткізді. Бас қосуда инвестициялық бағдарламалардың орындалу мәселесі талқыланды.
          Кәсіпорынның инвестициялық жоспарының орындалысы жөнінде Пайдалану және жөндеу жөніндегі департамент директорының орынбасары Алексей Смоленский баяндады: «Бүгінгі күні комбинаттағы негізгі энергетикалық жабдықтардың тозуы 80 пайызға жетіп отыр. Дегенмен, МАЭК инвестициялық салымдар есебінен жабдықтардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, тұтынушыларға барлық қажетті энергоресурс түрлерін үздіксіз жеткізуде.
          МАЭК-тің 2023 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламасы аясында ЖЭО-2 – ЖЭО-1 арасындағы жылу құбыры учаскесінде күрделі жөндеу (VI кезең) жұмыстары жүргізілуде. Мақсат: жылу құбырын пайдалану мерзімін ұлғайту, жылу беру маусымында жылу желілерін сенімді пайдалану, тұтынушыларды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету, жылу желісінің тұрақты және сапалы жұмыс режимін қалыптастыру.
          Сонымен қатар, Құйылыс жер асты минералды суының оңтүстік тармағындағы №1-13 ұңғымалар арасындағы су құбыры күрделі жөндеуден өткізілуде (1-кезең). Инвестициялық жобаның мақсаты: құбырдың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету, минералды су құбырын пайдалану мерзімін ұлғайту, Ақтау қаласы мен іргелес елді мекендерді қажетті мөлшерде ауыз су және техникалық сумен үздіксіз жабдықтау үшін су құбырының ең тозған учаскесін жаңасына шұғыл ауыстыру.
          Ауыз су дайындау станциясындағы (АСДС-40) карбонатты құм фильтрі сүзгілерінің сәулелік жүйесін күрделі жөндеу (3-кезең) жұмыстары да инвестициялық бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Инвестициялық жобаның мақсаты: өнімділікті арттыру, сүзгілердің пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету, пайдалану мерзімін ұлғайту, сәулелік жүйенің теңгерімді жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындарды ауыз сумен қажетті мөлшерде үздіксіз және сапалы жабдықтау, карбонатты құм фильтрінің (КҚФ) гидравликалық режимін тұрақтандыру».
2023 жылға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 269 148 000 теңгені құрады. Инвестициялық бағдарламадағы жобалардың жүзеге асырылуы жабдықтардың, жылу желілерінің, ауыз су, техникалық және минералданған су құбырлары жүйелерінің сенімді әрі ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
          Кәсіпорында инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан басқа өндірістік активтерді кеңейту, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары да қосымша жүргізілуде.
          Баспасөз турына қатысушылар комбинаттың Су дайындау зауытында болып, ДТҚ буландыру аппаратындағы жылу камерасының түтіктерін ауыстырып жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.