17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жастарға жол!

            24 тамыз күні «МАЭК» ЖШС «QUATTY arular» әйелдер клубының бастамасымен БН-350 РҚ, Радиациялық технология және техникалық диагностика орталығында еңбек ететін жас мамандар Вена мемлекеттік университетінің магистранты, БН-350 РҚ бұрынғы қызметкері Камилла Бабахановамен кездесу өткізді. Кездесуде Камилла шетелдік оқу орнына қалай оқуға түскені, мамандық пен университетті қалай таңдағаны туралы әңгімелеп, Австрия жоғарғы оқу орындарындағы оқу ерекшеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, ақылы тағылымдамалардан өту, оқу мен жұмысты үйлестіру мүмкіндіктері, емтихан тапсырудың икемді жүйесі туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге келген жастар, әсіресе, австриялықтардың және ондағы түрлі елдерден келген студенттердің өміріне қызығушылық танытты.

            Еңбек жолын МАЭКтен бастаған Камила сияқты жастардың өмірі кәсіпорынның басқа жастарына да үлгі болатыны, алға қойған мақсаттарына батыл ұмтылып, өз білімдерін жетілдіріп, білігін шыңдауға үлес қосатыны сөзсіз.