10 шілде күні кәсіпорынның 210 ғимаратында өртке қарсы жаттығу өткізілді. Сценарий бойынша осы ғимараттың 117 бөлмесінде орналасқан шеберханада өрт шықты. Өртті байқаған қызметкерлер комбинаттың өрт сөндіру қызметіне, Әкімшілік-шаруашылық қызметінің басшысына телефон шалды. Одан әрі жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қолда бар өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 3 минутта келіп жетті. Оған дейін ғимарат ішіндегі өрт дабылы іске қосылып, барлық қызметкерлер шұғыл далаға шықты. Келіп жеткен өрт сөндірушілер дереу өрт ошағын жоюға кірісті. Шеберханадағы жұмыс кезінде электр кабельдерінің қызып кетуі, токтың шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде тұтанған өрт комбинат қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының арқасында дер кезінде сөндірілді. Нәтижесінде, орын алған оқиға кезінде дәрігерлік көмек ешкімге қажет болған жоқ.
Комбинатта өртке қарсы жаттығулар арнайы жасақталған кесте бойынша ай сайын өткізіліп, өрт сөндіруге қажетті құралдардың жарамдылығы үнемі тексеруден өткізіліп тұрады. Облыс тұрғындарын тіршілікке қажетті барлық энергия ресурстарымен қамтитын стратегиялық кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігін сақтау басты назарда.