«АMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұханбет Жайлыбаев «МАЭК» ЖШС бірқатар қызметкерін кәсіпорынның 55 жылдық мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады. Кәсіпорынның қалыптасуына үлес қосып, ұзақ жылдар еңбек еткен, партияның жобаларын қолдап, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқаны үшін БН-350 РҚ инженер-технологі Ұмсындық Кулденова, ЖЭО-1 еңбек жөніндегі экономисі Никита Волошин, ЖЭО-1 аккумуляторшысы Гулья Дауленова, Сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Ержан Шуданов, БӨҚжА цехының басшысы Анатолий Жданов, ЖЭО-2 материалдық-техникалық қамту жөніндегі экономисі Лейла Долгая, ЖЭС 8 санатты электр слесарі Сергей Агафонов, ЖЗ цех басшысы Аян Әшім, ДӨжӨЖСЖЗ бөлім басшысы Эльмар Гримов марапатталды.
Сонымен қатар, «АMANAT» партиясының қоғамдық-саяси жұмыстарына ұзақ жылдар атсалысқан комбинаттың Аппарат басшысы Алпысбай Таубаевқа, көп жыл бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған еңбек ардагері Айман Өтекова, партияның белсенді мүшесі Қойма шаруашылығының басшысы Қайрат Аманжоловқа да сый-құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар табысталды.
«Комбинаттың 55 жылдығымен құттықтап келіп, марапаттап жатқан «АMANAT» партиясының облыстық филиалы басшыларына ризалығымды білдіремін. Біздің комбинатта саяси көзқарастары мен идеялары партияның идеяларымен сәйкес келетін жүздеген қызметкерлер еңбек етеді. Сол партия мүшелерінің әрқайсысы осындай мадақтауға лайық деп ойлаймын. Төл мереке құтты болсын! Әріптестерімнің еңбегіне жеміс тілеймін, сүйікті комбинатым өркендей берсін!»,-деген ақжарма тілегін арнады партия белсендісі Айман Өтекова.
Жетекші партияның Алғысына ие болған ұжымдастарды марапаттарымен құттықтаймыз!