20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

ЖЭС №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды

«МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды. 9 шілдеде таңғы сағат 04.11-де блок жұмысқа қосылды, ал түстен кейін сағат 15.25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін жеткізілді .

Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы генерациясы 565 мвт құрайды. «МАЭК» ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат бере отырып, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде.

Айта кету керек, Ақтау қаласы мен облыстың елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде «МАЭК» ЖШС ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты №1 энергоблоктың мәжбүрлі тоқтауы орын алған болатын. Жөндеу жұмыстары МАЭК қызметкерлерінің күшімен тәулік бойы жүргізілді.

«МАЭК» ЖШС баспасөз қызметі