28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Халықаралық мұражайлар күні

Кәсіпорын тарихымен танысқыңыз келсе ондағы  мұражайға барсаңыз  жеткілікті. «МАЭК» ЖШС мұражайы 2005 жылы ашылып, алғаш келушілерді қабылдай бастады.  Мұражайда  кәсіпорынның іргетасын қалап, қалыптасуына  еңбегі сіңген басшылар мен қызметкерлердің есімдері жазылып, суреттері ілінген арнайы бұрыштар жасақталған. Мұнда кәсіпорынның қалыптасу және даму тарихы туралы баяндайтын тарихи құжаттар мен экспонаттар сақталған.

Комбинатқа келген қонақтар алдыменен  осы мұражайда Маңғыстаудың жүрек соғысын сезгендей болады. Өйткені, кәсіпорынның өмір сүруге қажетті барлық ресурстарды қалай өндіріп, өңірдің өндірістік аймақтары мен тұрғындар тіршілігіне қалай жан бітіріп отырғанын осы жерде көруге болады. Өткен жылдан бері мұражайда студенттер мен мектеп оқушыларына, тұрғындар мен қонақтарға 50-ге жуық экскурсия өткізілді.

Бүгін Халықаралық мұражайлар күні атап өтілуде. Осы мерейлі мерекемен МАЭК мұражайының қызметкерлерін де құттықтаймыз. Сіз арқылы тарихымыз жаңғырып, келер ұрпаққа қалар мұрамыз да көп болсын!