24.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Әйелдер денсаулығы басты назарда

 Кәсіпорында «Quatty Arular» клубының ұйымдастыруымен белгілі дәрігер Айкерім  Дощановамен әйелдер денсаулығы мәселелеріне арналған кездесу болып өтті.

Айкерім Дощанова - медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, гинеколог-эндокринолог. Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті жөніндегі қауымдастықтар Альянсының президенті, гинекологиялық Эндокринология жөніндегі халықаралық және Еуропалық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады. Қазақстандағы эндометриоз мектебін құрушы жетекші маман.

Кездесу барысында білікті дәрігер әрбір ата-ана қыз бала денсаулығын дүниеге келген күнінен бастап бой жеткенше бақылауда ұстап, жиі-жиі дәрігердің қабылдауына апарып тұру керектігін еске салды. Өйткені қыз бала болашақ ана, жәй салқын тиюді асқындырудың өзі оның болашағына балта шабуы мүмкін. Дәрігер Айкерім Дощанова  әйел адамда жиі кездесетін және бала көтеруге мүмкіндік бермейтін көптеген ауру түрлеріне тоқталып, олардан арылу, емделу жолдары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, қатысушылар тәжірибелі дәрігерге денсаулықтарына байланысты  көптеген сұрақтар қойып, дәрігерлік кеңесін тыңдады.  Біразы маманның жеке қабылдауына баруға ниет білдірді. Кездесу соңында ұжымның әйелдер қауымы кәсіпорынға арнайы келіп, пайдалы кеңес бергені үшін дәрігер Айкерім Мжаберқызына жүрекжарды алғыстарын білдірді.

Еске сала кетейік, кәсіпорында сәуір айында комбинаттағы әйел қызметкерлердің рөлін дамыту, күшейту және мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында  «Quatty Arular» клубы құрылған болатын. Бүгінгі күні клубтың жеке логотипі  жасақталып, қолданысқа қабылданды. Логотипте күн дискісінің фонындағы әйелдің бейнесі орналасқан, найзағай диадемасымен безендірілген шашы  теңіз толқындары түрінде салынған. Осы көріністер энергетикалық кәсіпорында өндірілетін жылуды, жарықты және суды бейнелейді. Ал шеттеріндегі жасыл жапырақтары бар бұтақтар клубтың «QA» белгісімен логотиптің орта тұсында  түйісіп, күн энергиясын өмір көзі ретінде бейнелейді.