19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Құрметпен құрметті демалысқа

«МАЭК» ЖШС басшылығы кәсіпорынның Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылу сумен жабдықтау зауытының басшысы Қадырбек Өтеуліұлы Әбуғалиевті құрметті демалысқа шығарып салды.

Кәсіпорынның бас директоры Жасұлан Сүйіншалиев Қадырбек Өтеуліұлына энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі және көп жылғы адал еңбегі үшін комбинат ұжымы атынан Алғыс хат табыстады.

42 жылдық еңбек өтілінің 11 жылын энергетикаға арнаған Қадырбек Әбуғалиев бүгінде бақытты әке, қадірменді ата, әріптестері арасында құрметті басшы болды. Өз кезегінде Қадырбек Өтеуліұлы комбинат басшылығына құрмет көрсеткені үшін ризалығын білдіріп, кәсіпорын қызметіне табыс  тіледі.