25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Іске сәт, «Қуатты Арулар»!

27 сәуірде «МАЭК» ЖШС Басқарма мүшесі – «KAZENERGY» Әйелдер энергетикалық клубының төрағасы Айзада Үмбетқызы Аққайсиеваның басшылығымен «МАЭК» ЖШС-нің «Қуатты Арулар» атты әйелдер клубының ашылу салтанаты болып өтті. Мұнда комбинаттың түрлі бөлімшелерінен әйелдер клубының атқару комитетінің мүшелері - 16 қыз-келіншек келіп  қатысты.

«Қуатты Арулар» клубын құрудағы мақсат комбинаттағы әйел қызметкерлердің рөлін дамыту, күшейту және мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Оның төрағасы болып Жөндеу және пайдалану департаментінің Технологиялық жоспарлау бөлімінің бастығы Эльмира Байдильдинова бірауыздан тағайындалды. Төрағаның орынбасары Экономика департаментінің жоспарлау жөніндегі жетекші экономисі Гүлмира Төлегенова болды.  

Шараға жиналған нәзік жандылар әйелдер клубының тұжырымдамасы, жоспарланған іс-шаралар және оның атрибуттары туралы өз көзқарастарымен бөлісті.  

Клубтың концепциясы:

* әйелдердің кәсіби және лауазымдық өсуі;

* өндірістегі әйелдердің денсаулығына қамқорлық жасап, еңбек жағдайларын жақсарту;

* өндірістен қол үзбей жүріп әйелдің ішкі әлемінің де үйлесімді дамуы;

* әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру;

* жұмыс істейтін әйелдер үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.