Құрметті тұрғындар!
Тұтынушылар мамыр айының басында алатын «МАЭК» ЖШС-нің сәуір айына төлемдер түбіртектерінде жылу беру ақысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.04.2023 ж. №16-О өкіміне сәйкес үйлерге жылу берудің 3 сәуірде ерте ажыратылғандығы ескеріліп есептелетін болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының» 531-тармағына сәйкес 1 маусымға дейін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты тұтынушыларға қайтару жүргізілетінін қосымша хабарлаймыз.
«МАЭК» ЖШС 15.10.2022-02.04.2023 ж.ж. жылу беру кезеңі үшін жылу энергиясы бойынша төлемді қайта есептеп тұтынушыларға қайтаратын болады, ол мамыр айындағы түбіртектерде көрсетілетін болады.