29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Амал мерекесі құтты болсын!

Қадірлі ұжымдастар!

Сіздерді бүгінгі  Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күнімен басталып, әйел-аналар мейрамымен жалғасқан еді. Енді бүгін Наурыз-Амал мерекесін тойлаудамыз. 

Имандылық пен адамгершілік қасиеттердің барша үлгісі көрініс табатын  амал күндері кішілер үлкендерге барып, құрмет көрсетіп, қол алысып, төс қағыстырып көрісіп, наурыз көжеден дәм татады. Жаңа жылды қарсы алу салтанатын өзге өңірлерден ертерек бастайтын Маңғыстау халқы үшін бұл нағыз думанды ай болып саналады. Ендеше, тәуелсіздігіміздің тағы бір аяны, халқымыздың қадірлі мерекесі Сіздерге де бар жақсылықтарымен келіп, алдағы жылға көл-көсір қуаныштар сыйласын! 55 жылдық тарихы бар кәсіпорынның дамылсыз қызметін қамтамасыз етіп отырған Сіздерге алғысым шексіз. Халық игілігі жолындағы ортақ ісіміз берекелі болсын!

Жаңа жылда баршаңызға бақыт пен әл-ауқат, мықты денсаулық, сәттіліктер тілейміз! Наурыз құтты болсын, ағайын!

 

                                                                                          «МАЭК» ЖШС

                                                                                          Бас директоры                                                                              Жасұлан Сүйіншәлиев