28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Сенбі күнгі сенбілік

11 наурыз күні МАЭК ұжымы сенбілік ұйымдастырып, кәсіпорын аумағын тазартып, біраз абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қажетті  қолғаптар, қоқыс дорбалары, күректер, тырмалар үлестіріліп, аумақта жиналған қоқысты тасуға 1 тиегіш және 4 жүк түсіретін автокөліктер пайдаланылды.Таңертең ерте басталған шараға ата-аналарымен  бірге келген балалар да тазалық жұмыстарына белсене қатысты.   Қызметкерлердің бірнеше сағат атқарған жұмыстарының нәтижесінде көгалдар жапырақтар мен құрғақ шөп қалдықтарынан тазартылды, ағаштар түптеліп, гүлзарлар ретке келтірілді, жол жиектері мен ағаштар әктелді. Сенбіліктен кейін кәсіпорын аумағы қыстан қалған қалдықтардан  тазарып, бір жарқырап қалды.