20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры Т.Есентүгеловтің кәсіпорын қызметкерлеріне үндеуі

Құрметті әріптестер!

Соңғы 2 күн «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС үшін оңай болған жоқ. Бірақ, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы көтерілген мәселелерді қарастыру бағытында бірлесе отырып, түйткілді мәселелерді талқылау, бүгінгі таңдағы кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын зерделей отырып ортақ мәмілеге келу сияқты атқарылған жұмыстар арқасында ортақ шешімге келдік.

Баршаңызға белгілі, «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлері атынан еңбекақыны 100% арттыру, мемлекеттік мерекелерге сыйлықақы тағайындау және тағы басқа еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар түскен болатын. Жұмыс беруші, жұмысшылар және кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен құрылған татуластыру комиссиясының отырысы оң нәтиже бермеді.

Өндіріс саласындағы жұмысшылар тарапынан айтылған жылдар бойы қордаланған проблемалық мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Осыған орай алдағы уақытта осы мәселелерді толықтай шешу бағытындағы жұмыстар ҚР Энергетика министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесе отырып шешілетін болады.

Қазіргі таңда басшылық құрамнан басқа қызметкерлер үшін еңбекақы көлемін 30% арттыру және кейбір айтулы мерекелерге сыйлықақы төлеу сұрақтары шешімін табуда.

Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы барлығына өз жұмыс орындарына оралуды ұсынады. Уәде етілгендей, ешкім өз талаптары үшін қудаланбайды.

Бұдан басқа, мұндай қолайсыз қатынастарды болдырмау үшін басшылық пен өндірістік персонал арасында тұрақты тікелей байланыс орнату жоспарлануда.

Құрметпен, Т.Есентүгелов