22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбек арбитражының құрамы анықталды

9 ақпанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-дегі татуластыру комиссиясының жұмысы барысында қызметкерлер көтерген мәселелер бойынша  еңбек арбитражының құрамы бекітілді. Олардың ішінде кәсіпорынның  3 қызметкері және  жұмыс беруші тараптың 3өкілі бар.

Мемлекеттік еңбек инспекторы Раушан Қалиева  көпшілік дауыспен арбитраж төрайымы болып сайланды.

Еңбек арбитражының жұмысы 2022 жылдың 10 ақпанында басталады.

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлерінің атынан жалақыны 100%-ға арттыру, мемлекеттік мерекелерге сыйақы тағайындау және еңбек жағдайларын жақсартудың басқа да мәселелері бойынша ұсыныстар келіп түскені белгілі. Жұмыс берушінің, қызметкерлердің және кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен құрылған татуластыру комиссиясының отырысы оң нәтиже бермеген болатын.

 

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі