«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 10), 12) тармақшаларына және 22-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 608 тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2021-2024 жылдарға жылу энергиясын өндіру және онымен жабдықтау, суды магистралды құбыржолдары арқылы беру (су өндіру) қызметтеріне тарифтерді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 10.09.2021 ж. № 160-НҚ бұйрығымен бекітті.
2021-2024 жж. арналған бекітілген тарифтер кесте түрінде www.maek.kz және www.rkc.maek.kz сайттарында орнатылған.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС әкімшілігі