ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметімен танысты

22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Энергетика  министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Маңғыстауға алғашқы жұмыс сапары барысында өңірдегі тіршілік ресурстарын өндіруші маңызды  кәсіпорын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де болды.

Кездесу барысында Энергетика министрі өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электр және жылу энергиясын өндіру және дистиллят дайындау үшін 10 турбоагрегат және 13 қазандық агрегат орнатылған ЖЭО-2 қызметімен және БН-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторын пайдаланудан шығару жұмыстары барысымен танысты.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгелов кәсіпорын өндірісінің бүгінгі  жағдайы және іске асырылып жатқан инвестициялық бағдарламалардың орындалысы  туралы баяндады.

Сапар қорытындысы бойынша министр «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басшылығына тиісті тапсырмалар берді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз   қызметі