23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 Қазақстан Үкіметі МАЭК-ті жаңғырту жөніндегі жоспарды әзірлейтін болады

 

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес барысында Президент тез арада шешілуін талап ететін бірқатар жинақталған проблемаларды атап өтті.

Президент облыстың өзекті мәселелерінің бірі – тұрғындарды сапалы ауыз сумен жеткіліксіз қамтамасыз ету мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Мемлекет басшысы өңірде қымбат нысандар құрылысына және басқа да мақсаттарға қомақты қаражат жұмсалып жатқанын, бұл да маңызды екенін, бірақ сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуден маңыздырақ емес екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай суға деген қажеттілік артатынын, осыған байланысты Ақтау қаласын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ол Үкіметке және өңір әкімдігіне шұғыл түрде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кешенін жаңғырту жөніндегі жедел іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ «Каспий» су тұшыту зауытының қуаттылығын арттыру жобасын іске асыру және оның құнының өсуі осы салаға жауапты шенеуніктердің кәсіби еместігіне байланысты созылуын сынға алды. Президент келесі жылдың соңына дейін бұл жобаны аяқтауды тапсырды.

- Жолдауымда Кендірлі кентінде су тұшыту зауытын салуды тапсырдым. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 2024 жылдың соңына дейін зауытты іске қосуы тиіс. Ауылдық жерлерде сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету проблемасы шешілген жоқ. Облыста 12 ауыл немесе ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20% ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Биыл тек 4 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл өте төмен қарқын. Өңір әкімдігіне келесі жылдың соңына дейін барлық 12 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент.

Дереккөз: www.akorda.kz