МАЭК-те «Нұр Отан» бастауыш ұйымының қатары толықты

      

«Nur Otan» партиясының бастауыш ұйымына мүшелікке қабылданғандар саны тек соңғы айдың өзінде 11 адамға артты.

Жаңа куәліктер Қазынашылық департаменті, Экономика департаменті, Жөндеу зауытының және ДӨжӨЖСҚЗ қызметкерлеріне табысталды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда қазынашылық және экономика департаментінің қызметкерлері «Nur Otan» партиясына кіруге толық құрамда өтініш берді.

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де бастауыш партия ұйымы 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кәсіпорынның 418 қызметкері  «Nur Otan» партиясының қатарында.

Партияның  «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын және Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында «Nur Otan» партиясының қатары жаңартылып, әр өңір, қала мен аудан үшін арнайы жол карталары әзірленді. Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы 217 жол картасы индикаторларының 11% – ын республикалық деңгейде және 12% - ын өңірлік деңгейде орындады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі