19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қазақстанның тәжірибелі эпидемиологтары COVID-19 вакцинациясы бойынша сұрақтарға жауап берді

 

                  14 шілдеде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС конференц-залында комбинат қызметкерлерінің еліміздің сарапшы эпидемиологтарымен кездесуі өтті. Қызметкерлердің вакцинациялаудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сұрақтарына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының м.а. Айнагүл Қуатбаева, С. Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Айнұр Садықова, Маңғыстау облысының эпидемилогы Марал Қадыр жауап берді.

                 Кездесуге қатысушылардан келіп түскен бірінші сұрақ коронавирустық инфекцияның әрекет ету принципі және вакцинациялау қажеттілігі туралы болды.

                - Вирус тез жұғып, осылай кең етек алу үшін белгілі бір әлеуетке ие болуы керек. Неліктен коронавирустық инфекция жаппай пандемияға тез алып келді? Себебі, халықта нақты иммунитеттің болмауы. Біздің ағзаларымызда бұл ауруға қарсы тұра алатын антиденелер жоқ. Кез-келген вирус жасушаішілік паразит болып табылады, тірі жасушасыз ол өмір сүрмейді және көбеймейді. Дененің тірі жасушасына - қан тамырларына, бауырға немесе басқа мүшелерге енген кезде, ол осы жасушаның қабырғаларын бұзады, сыртқы ортаға үнемі бейімделіп, ауру тудырады. Вирус енгізілген жерде қабыну процесі жүреді. Өкінішке орай, аурудан кейін организмде пайда болған инфекциядан кейінгі антиденелер тұрақсыз, денеден тез шығарылады. Сонымен қатар, қазірдің өзінде қайта жұқтыру жағдайлары зертханалық түрде расталды. Сондықтан қазір біз емделушілерге үш айдан кейін вакцинацияға жүгінуді ұсынамыз. Қазіргі уақытта COVID-19-дан қорғайтын және аурудың белгілерін төмендететін препарат жоқ. Тек вакцина ғана инфекциядан қорғайды, төмен вируленттілікке байланысты аурудың ауыр ағымының, өлім жағдайларының қаупін азайтады.

                - Егер мен КВИ-мен ауырған болсам, вакцина менің иммунитетіме теріс әсер етуі мүмкін бе?

                - Біз күн сайын инфекцияларға тап боламыз. Сонымен қатар, организм ауадағы барлық 70-80 мың түрлі антигендерді қабылдай алады. Антиген түскен кезде пайда болатын ағзадағы нақты антиденелердің саны өзгеруі мүмкін. Кез – келген өзге ақуыз ағзаға енген кезде табиғи реакция пайда болады - жөтел немесе түшкіру. Егер менде талдау кезінде КВИ антиденелері болмаса да, вирус, зат немесе вакцинамен қайта кездескенде, белсендірілетін жад жасушалары бар, антиген түскен кезде олар өз уақытында күресуге кіріседі. Жад жасушаларының жұмысына байланысты патогенмен кездескен кезде антиденелер саны артады, содан кейін олардың саны соншалықты төмендейді, тіпті зерттеу үшін қан алу кезінде біз оларды байқамауымыз мүмкін. Covid-19 ауруынан кейін – инфекциядан кейінгі антиденелер вакцинациядан кейін пайда болатын антиденелермен бірдей. Олар бір-бірін бейтараптандыра алмайды, тек өзара байыта алады. «КПП» вакцинасы - қызылша, қызамық, паротит медицинада бұрыннан қолданылып келеді. Егер қызылша эпидемиясы кезінде бала немесе жасөспірім ауырып қалса, біз оны қорғаныссыз қалдыра алмаймыз, сондықтан препаратпен егуді ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ағзадағы антиденелер бірнеше есе артады, қорғаныс уақыт пен ұзақтықта күшейеді. Қызылшаға қарсы инфекциядан кейінгі иммунитет өмір бойы - 99,9%. КВИ халық арасында белсенді жүреді, ауру қаупі әлдеқайда жоғары. Сол себепті қазіргі уақытта инфекциядан кейін үш айдан кейін вакцинациялау ұсынылады. Вакцинация антиденелердің концентрациясын геометриялық жылдамдықпен арттырады.

                - Вакцинациядан кейін қайтадан жұқтыру мүмкін бе?

                - Вирус тірі организм ретінде белгілі бір оңтайлы орынды іздейді, сыртқы ортаға үнемі бейімделеді, қорғаныс қасиеттерін дамытады және өзгеріп отырады. Вирустың қоздырғыштары сыртқы ортада болған кезде адамдар ауырады. Мысалы, адамда дамыған қорғаныс антиденелері болуы мүмкін, бірақ ол үлкен инфекция дозасымен ауруды жұқтырған және бұл туралы әлі өзі де білмейтін жақын адамынан жұқтыруы мүмкін. Инкубациялық кезеңде ол жөтелгенде және түшкіргенде сыртқы ортаға мұрын, ауыз секрецияларында болатын вирус қоздырғыштарын шығара бастайды. Вирус бар тамшылардың үлкен көлемін жұтқан вакцинацияланған адамнан зертханалық зерттеу кезінде оң нәтиже шығады. Осыған байланысты, егер орамал немесе бір рет қолданылатын майлықтар қолыңызда болмаған жағдайда бетперде киіп, шынтақтың ішкі иығына түшкіру және жөтелу ұсынылады.

                Қазір вирусты тасымалдаушы адамдар бар, зертханалық зерттеулерде олардан оң нәтиже алынады, бірақ аурудың клиникалық көріністері жоқ. Тасымалдаушы, өз кезегінде, инфекцияны жұқтыруы мүмкін, бірақ ауырмайды. Вакцинацияланған сирек, бірақ қысқа уақыт ішінде тасымалдаушы ғана болады. Олардың қорғаныс антиденелері тез жұмыс істейді және қысқа мерзімде вирусты бейтараптандырады. Сондықтан қазір біздің алдымызда вакцинацияланбаған адамдарды қорғау міндеті тұр.

               Қысқа мерзімді иммунитеті бар науқастардың белгілі бір бөлігі болған кезде, яғни вакцинацияланбаған халықтың бір бөлігінде және вакцинациядан өткен халықтың аз бөлігінде ғана вирус таралатын болады.

              - Вакцина басқа ауруларды тудыруы мүмкін бе?

              - Векторлық вакцинаның табиғатына тоқталайық. Вектор – аденовирусты жеткізу, тасымалдау ортасы. Аденовирустан ауруды тудыруы мүмкін барлық нәрсе алынып тасталады, вирустың көбеюіне, дамуына мүмкіндік жасалады, РНҚ, ДНҚ тазартылып, онда осы вирустың ең ұзын тікенегі - S-ақуыз орналастырылады. Барлық вакциналар ауруды тудыратын осы тұрақты ақуызға бағытталған. Векторлық вакцинаның құрамында бірінші компонент – жиі кездесетін аденовирус түріндегі вектор-26 бар. Күзде - салқындау, жазда - суық су вирустың белсенділігі мен көбеюіне жағдай жасайды. Аденовирус дауысты өзгертіп, тамақта қыжыл пайда болады. Аденовирустық инфекция ауыр жағдайларға және өлімге әкелмейді, өйткені жылдар бойы бізде ол ауруға қарсы нақты антиденелер пайда болды. Вакцина әрқашан нақты емі жоқ инфекциялар үшін жасалады: қызылша, қызамық, полиомиелит, шешек, КВИ. Екінші компонентте 5 серотип аденовирусы қолданылады, ол адам ортасында өте сирек кездеседі, бұл бізге иммунитетті аз береді. Вакцинация кезінде «Спутник V» еківекторлы вакцинасы температураны аздап көтеруі мүмкін. Әлсіздік, температура – мұндай жағдайда қалыпты реакция, бұл вакцина организмде жұмыс істей бастады деген сөз.

              «QazVac» инактивтендірілген вакцинасына келетін болсақ, ол Қазақстан аумағына түскен және пациенттерден алынған үлгілерде жиналған ең алғашқы вирустар негізінде әзірленген. Вирус биологиялық қауіпсіздік институтында арнайы жағдайларда өсірілді. Вакцинада қоздырғышты өлтіру әдісі қолданылады, ол ауру тудырмайтындай өңделеді. Пайдаланылған химиялық заттар тазаланады немесе минималды дозада ғана қалады, денеге әсер етпейді немесе 20-30 жылдан кейін әсер етеді. Короновирусқа қарсы вакцинаның құрамына кіретін компоненттер көптеген онжылдықтар бойы басқа да ауруларға қолданылып келе жатқан басқа вакциналар құрамында да болды. Кеңес заманында біз осындай бірнеше вакцинаны алдық, сіздің қазіргі жағдайыңыз осы вакцинамен байланысты деп айта аласыз ба? Жоқ, әрине, жоқ. Вакцинация арқылы біз адамның өмір сүру ұзақтығының өсуіне қол жеткіздік. Егер бұрын адамның орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 40-50 жыл болса, бүгінде орташа өмір сүру ұзақтығы 30 жылға артты.

              Векторлық және инактивтендірілген вакцинаның табиғатын біле отырып, біз бұл вакциналар КВИ ауруының себебі болмайды, олар вирустың жұғуына, оның көбеюіне негіз болмайды деп айта аламыз.

             - Үнемі өзгеріп тұратын штаммдарда вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденді ме?

             - Әлемнің көптеген елдерінде вакциналардың жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген. Эпидемия немесе пандемия жағдайында вакцинаның қауіпсіздігі сынақтың бірінші сатысында дәлелденген кезде вакцинациялауға рұқсат етіледі. Келесі кезеңдерде препараттың тиімділігі туралы материал жиналады - эпидемиологиялық, иммунологиялық. Қазірдің өзінде әлемнің көптеген институттарында КВИ-ға қарсы вакциналардың 270-тен астам түрі әзірленді. Вирустың ақуыз құрылымының реті белгілі болғаннан кейін көптеген институттар вакцина әзірлеуге кірісіп кетті. Бірнеше өндірісте вакцина өндіру арқылы бүкіл халықты қамту мүмкін емес, әсіресе көптеген елдер алдыменен өз елінің азаматтарын қамтамасыз етуге мүдделі.

             Қазіргі уақытта тез таралу мүмкіндігі бар кез-келген жұқпалы патология Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарастырылады. Біздің міндетіміз – бұл вирустың таралуына жол бермеу, оның таралуы неғұрлым көп болса, соғұрлым әртүрлі штамдар пайда бола береді. Вирус бір денеден екінші денеге, үшінші, бесінші, алтыншы денеге тарай береді. Бірнеше организмдерден өте жүріп ол сыртқы ортада өмір сүру қабілетін арттыру үшін кез-келген мүмкіндікті іздей бастайды. Адам вакцина алған кезде сәйкесінше, ағзадағы вирус белгілі бір қиындықтарға тап болады, мутацияға ұшырайды. Ал халықтың бір бөлігі вакцинацияланған кезде, ол өзінің әлеуетін арттыруға тырысады. Вирус құрылымындағы өзгерістерге қарай бұл өзгерістерді тануға, зерттеу үшін нақты зертханалық сынақтарды уақтылы жасауға болады.

              Вакцинаның тиімділігі мен иммунитеттің қалыптасуы адамдардың өмір сүру, тамақтану, өзара байланыс, әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайларына да әсер етеді. Егер бір мезгілде, жаппай вакцинация болмаса, тиімділік төмендеуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда вакциналардың 4 түріне қол жетімділік қамтамасыз етілген, олар түрлі өндіріс әдісімен ерекшеленеді.

             - Созылмалы ауру кезінде вакцина салуға бола ма?

             - Бізге стационарларға анамнезінде өзінің диагнозы туралы білмеген науқастар – алғаш рет анықталған қант диабеті немесе артериялық гипертониямен келіп түсуде. Вирус жұқтырған кезде мұндай қосымша патологиялары яғни созылмалы аурулар – қант диабеті, артериялық гипертензия асқынып науқастардың жағдайы күрт нашарлауы себепті кейбір жағдайда өкінішке орай, науқастан айырылып қалатын жағдайлар да кездесуде. Вирус өзгеріп отырады, оның клиникалық көріністері де өзгереді. Бұрын инкубациялық кезең 14 күнге дейін болған, қазір қысқа инкубациялық кезең және өкпенің зақымдануының үлкен пайызы тіркелуде. Науқастардың көбі тыныс алу жеткіліксіздігімен және өкпенің 50% -дан астамының зақымдануымен келіп түсуде. Егер анамнезінде жүрек-тамыр жүйесі, семіздік, қант диабеті сияқты қосымша патологиялар болса инфекциялық - токсинді шок пайда болады. Бұл жағдайда дәрігерлердің алдында таңдау тұрады - науқасты КВИ-ден емдеу немесе инфекциялық-токсинді шок жағдайынан шығару. Мұндай жағдайда науқаста бүйрек, бауыр жұмысының жеткіліксіздігі, мидың ісінуі басталады, нәтижесінде организмдегі бірнеше орган дененің тіршілігін қамтамасыз ете алмайтындай дәрежеде зақымдалады. Сондықтан біз тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарды өкпені жасанды желдетуге қосамыз. Адам өзі дем алмайды, оның орнына құрылғы дем алады. Вакцина алардан бұрын алдымен дәрігерге созылмалы ауруларыңыз туралы айту керек. Иә, созылмалы аурудың бәсең болған кезеңін есептеуі қиын науқастар бар, бірақ бәсеңдегенін байқасаңыз, қосымша тексерілуден кейін вакцинациядан өткен дұрыс. Не болғанда да ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз жөн.

              - Вакцина әйелдердің репродуктивті функциясына қалай әсер етеді? Оны жүктілік кезінде салуға бола ма?

              - Бүгінгі таңда жүкті әйелдер арасында вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізілуде. Әйелдердің вакцина алғаннан соң бір-екі аптадан кейін жүкті екендігін біліп жатқан жағдайлары кездесуде. Әлем бойынша мұндай жайттар өте көп. Бұл ретте басынан бастап бақылаулар жүргізілуде және ұрыққа зиянды немесе теріс әсер анықталған жоқ. Қазіргі кезде Америкада 90 мыңнан астам жүкті әйелдер вакцинациядан өткен. Олардың арасында вакцинамен байланысты түсік түсіру, баланың немесе ұрықтың дамуында белгілі бір өзгерістер байқалған жоқ.

             Инактивтелген немесе векторлық вакциналардың құрамында ерлердің потенциясына және әйелдің репродуктивті функциясына әсер ететін бірде-бір ингредиент жоқ.

            - Балаларды вакцинациялау қарастырылуда ма?

            - Қазіргі уақытта бұл мәселе Қазақстанда әлі қаралып жатқан жоқ. Бірақ, әлемнің көптеген елдерінде вирустың вируленттілігі артып, індеттің таралуы белгілі бір жас топтары шегінен шығып кетті деуге болады. Инфекция жасарып келеді, кейбір алдын-ала қарастырылып, зерттеулер жүргізілген елдерде балаларды вакцинациялау басталды. Балалар арасында вирус жұқтыру, тасымалдау жағдайына жеткізбеу үшін өз балаларымызды немерелерімізді, медициналық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға болмайтын егде адамдарды аурудан қорғау үшін бізге, ересектерге вакцинациядан міндетті түрде өтуіміз қажет. Отбасымыздағы қарттар мен балаларға дертті жұқтырмау біздің қолымызда.

           - Басқа вакцинамен қайта вакцинациядан өтуге бола ма?

           - Бұл сұрақтың жауабы вакцина өндірушілер белгілі бір зерттеулер жүргізіп, нәтиже алып, дәлелді медицина бойынша ұсыныстар берген кезде белгілі болады. Осындай ұсыныстарды алғаннан кейін ғана біз бұл жұмысты жүргізе аламыз.

           - Ревакцинациядан өту міндетті ме?

           - Көптеген елдерде ревакцинация тек зерттелуде. Оны жүзеге асыру бірнеше факторларға байланысты: бірінші, ұжымдық иммунитет, бір уақытта қысқа мерзімде көптеген адамдар вакцинацияланған кезде. Көптеген жұқпалы ауруларда халықтың кем дегенде 95% - ында ұжымдық иммунитет болуы керек. Екіншіден, жұқпалы - бұл вирустың тез жұқтыру мүмкіндігі.

           Сіздің кәсіпорынның мысалында қызметкерлер бір немесе бірнеше инкубация кезеңінде бір-біріне вирус жұқтырмауы тиіс. Инфекцияны үйден жұмысқа және керісінше жұмыстан үйге апарып жұқтыру жағдайлары болмауы тиіс. Егер КВИ үшін жұқтыруға ыңғайлы белсенді орта қалыптастырмасақ вирус бірте-бірте сыртқы ортадан шығып жоқ болады. Ал ревакцинацияның қажеттілігін ұжымдық иммунитет және вирустың өзгеруіне бақылау жүргізілген жағдайда ғана бағалауға болады.

          Сұрақ-жауап форматындағы кездесу мазмұнды өтті, бөлімшелер мен департаменттердің өкілдері өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды. Бүгінгі таңда энергокомбинаттың мыңға жуық қызметкері вакцинациядан өтті, Алдағы айларда тағы мың адам вакцинациялауды жоспарлап отыр.

 Гүлбаршын Байназарова