15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Еңбек қатынастары қызметкерлер талқысында

 18-19 мамырда кәсіпорын қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер мен департаменттердің басшылары, өз қызметінде еңбек заңнамасын тікелей қолданатын кәсіподақ өкілдері «ҚР Еңбек Кодексі өзгерістері жұмыс берушінің мүддесінде» тақырыбында өткен вебинарға қатысты. Екі күнге созылған бұл шарада Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормалары мен ережелеріндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы ҚР Еңбек құқығы бойынша сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының доценті, Еңбек кодексін әзірлеушілердің бірі Наталья Гилева әңгімеледі.

Өткен және биылғы жылдары Еңбек Кодексінің жұмыскер мен жұмыс берушінің  құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, еңбек қорғау мен қауіпсіздігі, еңбек шарты мен тәртібі туралы баптарына көптеген өзгерістер  енгізілді. Кодекске енгізілген өзгерістер нәтижесінде жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы көптеген түйіткілді мәселелер  оң шешімін тауып, еңбек қатынастары саласын жетілдіруге ықпал етті. Елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі түбегейлі өзгерістер, замана ағымы мен талабы  еңбек мәселесіне қатысты барлық заңнамаларды жиі-жиі жаңғыртып, жаңартып отыруды қажет етеді. 

 - Биыл «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС вебинарлар кестесіндегі компаниялар арасындағы алғашқы кәсіпорын болды. Бірінші кезекте, мен сіздермен Еңбек кодексіндегі өзгерістерді талқылап, пікір алмасқым келді. Маған Сіздердің семинар тақырыбына деген көзқарасыңыз, білімге деген қызығушылығыңыз, оларды күнделікті жұмысыңызда қолдану мүмкіндігіне деген ұмтылысыңыз ұнады, - деді Наталья Гилева вебинар қатысушыларына.

Атаулы шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып,  онлайн форматта өткізілді. Дегенмен бұл екі жақтағы қатысушылардың  заңдағы өзгерістерді кең ауқымда талқылап, пікір таластырып, ойларын ортаға салуға кедергі болған жоқ. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.

                                                                                                     Гүлбаршын Байназарова

IMG 8436

IMG 8406

IMG 8410

IMG 8414