15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

2020 жылға міндеттемелер орындалды

 Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде онлайн режимінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорында жылу энергиясын өндіру және су шаруашылығы жүйесінің қызметтері бойынша бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы  жария тыңдау өткізілді.

Тұтынушылардың және табиғи монополияларды басқару саласындағы мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен өткен бейне-конференция барлық санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілді.

Атқарылған жұмыс туралы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Экономика департаментінің директоры Евгений Антипин сөз сөйлеп, 2020-2024 жылдарға арналған жылу энергиясын, ыстық, ауыз су және техникалық су өндірісіне бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы баяндады. Инвестицияларды кәсіпорын өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Бағдарламаларда жоспарланған іс-шараларды серіктестік толық көлемде орындады,  үнемделген қаражат басқа да өндірістік жабдықтарды күрделі жөндеуге бағытталды.

Тыңдау барысында тарифтік сметада бекітілген сметаның және жылу энергиясын, ауыз суды, техникалық және ыстық суды өндіруге жұмсалған 2020 жылдың нақты шығындарының талдауы, қызмет тиімділігінің қол жеткізілген көрсеткіштері, реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері  және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС көрсеткен қызметтердің көлемі туралы  айтылды.

Сонымен қатар есептік тыңдалымда комбинаттың Маркетинг және өткізу департаменті директорының орынбасары Элеонора Әнуар тұтынушылармен жұмыс және қызмет көрсетудің сапасы туралы есептік баяндама жасады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС реттелетін қызмет түрлерін өндіруге арналған тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы толық ақпаратпен кәсіпорын сайтында - www.maek.kz.танысуға болады  


IMG 4571