18.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қадірлі ұжымдастар!

Сізді 1 мамыр - Қазақстан халқының ынтымағы күнімен құттықтаймын!

Көктемнің соңғы айының алғашқы күні барша қазақстандықтар достық пен бірліктің, тұтастық пен татулықтың жарқын мерекесін атап өтеді. Бұл – өзара сыйластық пен бауырластықтың, ұлттар тұтастығының үлгісін паш ететін жасампаз мереке. «Ырыс алды –ынтымақ» демекші, достығы жарасқан жүздеген ұлт өкілдері «біржеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» еліміздің берекелі болашағы жолындағы ортақ мақсаттарға жұмылған. Өзара түсіністік пен саяси тұрақтылықтың арқасында əлеуметтік жаңаруларға, өміріміздің гүлдене түсуіне, еліміздің жан-жақты дамуына қол жеткіздік. 

Облыс экономикасы өркендеуінің басты тұтқасы болып саналатын əрі тіршілікке қажетті барлық ресурстарды өндіруші «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 32 ұлттың өкілі еңбек етеді. Аймақтағы ең көп ұлтты кəсіпорын болып саналатын біздің ұжым биыл да мерекені жоғары өндірістік табыстармен, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуда. Əлемді жайлаған індеттің салдарынан туындаған көптеген қиыншылықтарға қарамастан, біздің ұжым тұтынушыларды қажетті өнімдермен үздіксіз қамтамасыз етуде. Ол үшін өздеріңізге жүрек жарды алғысымды арнаймын, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Алдағы жылы халықтар достығы күнін көк туымызды көкке көтеріп, бал жүзді балапандарымызды жетектеп, ел болып, орталық алаңда мерекелеуге жазсын!

Сіздерге бақыт, денсаулық, сəттіліктер, отбастарыңызға амандық тілеймін!

Бас директор Т.А. Есентүгелов