19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Вакциналау - пандемияға қарсы басты қару

8 сәуірде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында комбинат қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады. Егу орталығы кәсіпорын Медициналық қызметінің Денсаулық сақтау пункті базасында ұйымдастырылды. Медицина қызметінің басшысы Алина Искалиева пандемия жағдайындағы медициналық қызметтің ұйымдастырылуы және кәсіпорынның бөлімшелері мен цехтарының қызметкерлерін иммундаудың басқа да ерекшеліктері туралы айтып берді.

Алина Салауатқызы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында егу пунктін ұйымдастыру туралы шешім кімнің тарапынан қабылданды? Вакциналау пунктін дайындау және ашу үшін қандай ұйымдастыру шаралары жүргізілді? Кәсіпорынның медициналық объектілері егу шараларын жүргізу үшін тиісті  талаптарға қаншалықты сәйкес келеді?

- Комбинаттағы Жедел штабтың бастамасымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бөлімшелерінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін медициналық қызметтің Денсаулық сақтау пункті базасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау шараларын жүргізу үшін арнайы егу пункті ұйымдастырылды. Мұнда вакциналауға арналған жеке кабинет, екпеге рұқсат алу үшін алдын-ала амбулаториялық тексеруден өту кабинеті және вакцинаны алғандар 30 минут бойы дәрігерлердің бақылауында болатын жеке кабинет жабдықталған. Құрамында дәрігер, вакцинатор-медбике және тіркеуші-медбике бар мобильді бригада құрылды. Бөлмеде вакциналарды сақтаудың ерекше жағдайларын жасау үшін арнайы мұздатқыш та қойылған.

Кәсіпорынның қанша қызметкері вакцина алуға дайын екендіктерін білдірді? Қандай департаменттерде немесе бөлімшелерде вакциналауға ниет білдіргендердің ең көп пайызы байқалды? Басқа себептер бойынша қанша қызметкер медициналық көмек алды немесе вакцинадан бас тартты? Қанша персоналды иммундау жоспарлануда?

- Вакциналау басталғаннан бері қызметкерлердің тізімі үнемі толықтырылып келеді. Вакцинаның бірінші компонентін 900 адам алды. Вакцина алуға ниет білдірген қызметкерлердің ең көп пайызы РҚАӨТ орталық қызметінен, ӨҚД, Жөндеу зауытынан және ЖЭО-2-ден болды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша вакцина алуға ниет білдірген 13 адам медициналық жағдайына байланысты екпе салуға жіберілмеді. Қазірде вакцинаның алғашқы компонентін алып үлгермегендер үшін жүзге жуық адамға қосымша тізім жасалды.

Алина Салауатқызы, кәсіпорын қызметкерлеріне қандай вакцина қолданылуда? Вакцинаны сақтау қалай ұйымдастырылған? Комбинат персоналын вакциналауға қатысатын медициналық қызметкерлер қандай қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген? Мұндағы  медициналық қызметкерлер вакциналаудан өтті ме?

- Кәсіпорын қызметкерлерін вакциналау үшін екі компонентті ресейлік «Спутник V» гам-Ковид-Вак вакцинасы қолданылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің келісімі бойынша қазіргі уақытта бізге 1000 доза вакцина берілді. Ресейлік covid-19 вакцинасы «Спутник V»-ді сақтаудың температуралық режимі -20°С. Соған байланысты кәсіпорын басшылығы вакцинаны сақтауға арналған температураны бақылайтын электрондық жүйелері бар мұздатқыш камера жеткізіп берді. Орталық қоймадан тасымалдау үшін температураны бақылау датчиктері орнатылған рефрижераторлар пайдаланылады. Вакцинаның сақталу талабын бұлжытпай орындау - вакцинаның қауіпсіздігі мен сапасының кепілі екендігі сөзсіз. Сонымен қатар, біздің медициналық  қызметкерлер арнайы киім жиынтығымен және жеке қорғаныс құралдарымен (халаттар/комбинезондар, қолғаптар, маскалар/респираторлар/қорғаныс қалқандары, арнайы аяқ киім) қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау пункті қызметкерлерінің 50%-ы вакциналанды, қалғандары ауысым кестесіне байланысты қамтылатын болады.

Өздеріңіз білетіндей, вакцина екі компонентті. Комбинаттың қызметкерлерін вакциналау науқаны қай уақытқа есептелген және персоналды вакциналаудың екінші кезеңі қалай ұйымдастырылады?

Екі компонентті Препарат үш апта аралықпен екі рет енгізіледі. Вакциналаудың бірінші кезеңі 20 сәуірде аяқталды, бірінші компонентпен қосымша вакциналау 26 сәуірге жоспарланған, ал 30 сәуірден бастап вакциналаудың екінші кезеңі басталады. Вакциналанатындардың кезектілігін ұйымдастыру алғашқы вакциналанғандардың кезегіне сәйкес жүргізілетін болады.

Алина Салауатқызы, вакциналаудың бірінші кезеңінен өткендердің денсаулық жағдайы туралы айтып берсеңіз? Олардың жағдайы қалай бақыланады? Вакцинаның жанама әсері байқалды ма?

- Егу кабинетінде вакцинатор электронды журналда вакцинаны 1-ші компонентпен жүргізу туралы белгі жасағаннан кейін, дереу вакцинация туралы деректер қызметкерге бірыңғай модульдік электрондық жүйеге түседі және сол жерде тұрғылықты жері бойынша учаскелік терапевттерге таратылады, олар үш күн ішінде вакциналанушының жағдайын бақылауға міндетті. Сонымен қатар, жүйе вакциналау күнін екінші компонентпен есептейді және ұялы телефонға вакцинаға шақыру күні көрсетілген. Жанама әсерлер әртүрлі болуы мүмкін, бәрі әр адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан барлық егілетін адамдарға вакцинадан кейінгі келесі үш күн ішінде медициналық тексеру жүргізіледі.

Ықтимал жанама әсерлердің арасында:

- тұмауға ұқсас ұзаққа созылмайтын синдром (қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, артралгия (буындардағы ауырсыну), миалгия (бұлшықеттердегі ауырсыну), астения (созылмалы шаршау), жалпы дімкәстік, бас ауруы, шаршағыштық сипатталады);

- жергілікті жанама әсерлер, яғни инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну;

- жүрек айнуы, диспепсия, тәбеттің төмендеуі сирек байқалады, кейде-өңірлік лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

- аллергиялық реакциялардың, невралгияның, неврологиялық бұзылулар өте сирек те болса болуы  мүмкін.

Біздің кәсіпорында вакциналанғандардың денсаулық жағдайы тұрақты, вакциналау сәтті өтуде. Кейбір қызметкерлерде денедегі ауырсыну, вакцина қойылған жерде ауырсыну, температураның 37,5°C-тан аспау фактілері түрінде жағымсыз реакциялар байқалған жағдайлар  болды.

COVID-19 вакцинасы тесттен өткізу және аурудың алдын алу шараларымен қатар пандемияны бақылауға алуға көмектесетін тағы бір маңызды құралға айналатынын атап өткім келеді.

Дұрыс таңдау жасаңыз! Аман-сау болыңыз!

Газет редакциясы Алина Салауатқызына вакциналау науқанына қатысты сұрақтарға толық жауап бергені үшін алғыс білдіреді. Вакцина туралы ақпарат көптеген адамдарға КВИ-ға қарсы иммунитетті көтерудің қажеттілігіне байланысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деп ойлаймыз.

 

2ae9f515 51b9 4ca7 82d1 9516fb4ee3c7

IMG 8210

20210409 153042

20210409 153833