18.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қаракөлдегі сенбілік

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (ХББ НЗМ) мен Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейі оқушыларынан құралған «Маңғыстау табиғаты» ҚБ «Қаракөл сақшылары» еріктілер экопатруль жасағы Қаракөл көлінің маңынан жүк машинасы көлемінде тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинады.

Жыл сайынғы «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында өткізілген санитарлық тазарту жұмыстарын  Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы (ОА-РӨБ) үйлестіру комитетінің мүшесі Әділбек Қозыбақов «Ecojer» Қазақстандық қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңесімен, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясымен, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС техникалық қолдауымен ұйымдастырды.

- Осы сулы-батпақты алқапта жылдың барлық мезгілдерінде суда жүзетін және су маңайы құстарының 175 дейін түрі мекендейді, олардың 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар сұңқылдақ аққу және кіші аққу, бұйра және қызғылт бірқазандары, сары, мысыр және кіші ақ құтандары, қоқиқаз, ақбас үйрек, қарабай, үкі, аққұйрықты субүркіт және т. б. Қаракөлдің Ақтау қаласына жақын орналасқандығы оқушылар мен студенттер үшін осында жыл бойы құстарды бақылап, мониторингтік түрлеріне санақ өткізіп тұруға мүмкіндік береді»,– деді Әділбек Қозыбақов.

Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы үйлестіру комитетінің мүшесі мәлімдегендей, қазіргі таңда Табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу, Инвестициялар мен туризмді дамыту облыстық басқармаларының, «Ecojer» Қазақстандық қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің, «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының және басқа да мүдделі тараптарының қолдауымен «Қаракөл» экология және туризм орталығын құру жобасы жасалуда. Оның айтуынша, болашақ экологиялық-туристік орталық тек қана Қазақстанның теңіз астанасына турист тартумен шектелмей, сонымен қатар халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетінің қалыптасуына өз ықпалын тигізетін болады.  

- Біздің мектебіміз ашылғалы, яғни алтыншы жыл қатарынан, Үстірт қорығымен және экологиялық ҮЕҰ-мен ынтымақтастық орнатқан. Мамандардың қолдауымен балалар әртүрлі тақырыптағы ғылыми жобалармен айналысады, оның ішінде биоалуантүрлілікті сақтау саласына ерекше мән беріледі. Әрине, оқушыларымыз туған өлке табиғатын қорғауға үлес қосып жүргендерін мақтан тұтып, Қаракөлдегі сенбіліктерге аса қызығушылықпен қатысып жүр. Жыл сайынғы «Парктер шеруі» акциясынан басқа, жыл сайын қаңтар айында өткізіліп жүрген Халықаралық суда жүзетін және су маңайы құстарының санағына да – International Waterbird Census (IWC) қатысамыз»,- дейді  еріктілерді бастап келген ХББ НЗМ экология бойынша үйлестірушісі Бақытгүл Жақсылықова.

Сенбілік нәтижесінде акцияға қатысушылар 1 жүк машинасы көлемінде тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинады. «Біз қорықты сақтау үшін күресуге дайынбыз және экологиялық тәрбиенің негізгі ережелері барлық тұрғындардың санасына енгенше қоқысты жинай береміз»,-дейді жас еріктілер. Акция ұйымдастырушылары «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басшылығына техникалық қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Нәтижелі өткен шарадан соң оқушыларға Қаракөлдің құстарын тамашалау үшін дүрбілер мен түтік дүрбілер қолданысқа берілді. Әділбек Қозыбақов балаларға осында мекендейтін құстардың түрлері туралы әңгімелеп, сұрақтарға жауап берді.

 1618233380.30.59