15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қош бол қыс, кел көктем!  

Биылғы Масленица мерекесі жылдағыдан кештеу, яғни Халықаралық әйелдер күнімен сәйкес келді. Құймаққа қарқ болатын жеті күндік мейрам  8-14 наурыз аралығында жалғасады. Масленица апталығындағы әр күннің өз атауы бар. Мереке де соған орай аталып өтеді.

Дүйсенбіде кездесуге дайындық басталып, әткеншектер мен сырғанақтар қойылып, отыратын орындар дайындалып, құймақтар пісіріле бастайды.

Сейсенбіде  ойнау, әзілдесу  әрі қыздарға көз салып, құда түсу күні болып саналады.

Сәрсенбіде күйеу баласы қайын енесінің тәтті құймағын жеуге қонаққа келеді.

Бейсенбі күні халықтық серуен басталып, мереке одан әрі жалғасады.

Ал жұма қайыненесі  қыз-күйеудің үйінде пісірілген құймақты жеп, қонақтауға келеді.    

Сенбіде жас келіндер  қайын апаларын және күйеуінің тумаластарын қонаққа шақырып, сыйлықтарын үлестіреді.

Мерекенің соңғы күні жексенбіде ренжіскендер бір-бірінен кешірім сұрап, татуласуы тиіс. Осылайша арадағы мұздай қарым-қатынас жібісе, күн де жылынып, елге берекелі көктем келеді екен. Тезірек қар еріп, жылы маусым келсін деген тілекпен қыстың символын өртеп, ортада от жағылады.

Құймақ мерекесінің соңы «Ұлы оразаға» ұласады.  

12 наурызда энергокомбинаттың барлық бөлімшелері мен цехтарының асханаларында мерекеге арналып дастархандар жайылды. Кәсіпорын қызметкерлері үшін Құймақ мерекесін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы ҚБ ұйымдастырды.

 

АКБ Асханасы

IMG 8030

 КБ Асханасы

масленица 21